«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
65
ӘОЖ 001.894
БАРЛЫБЕК СЫРТАНОВ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Имангазинов М. М.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
«Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, Талдықорған қ.
Бұл мақалада бостандық жолындағы сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалыстың бір
көрінісін Ресей астанасының қақ төрінде тұлғаларымыз «Жерлестер» ұйымының аясында
көрсетті. Кейін елге оралып, өз істерін жалғастырды. Бұл ұйым мемлекеттік деңгейдегі
идеялардың қайнар көзі болғаны даусыз.
Кілттік сөздер
:
сан ғасыр, авторлар, әдеби қазына,повестер мен әңгімелер.
В этой статье в столице российской столицы под эгидой наших соотечественников
был продемонстрирован ряд свободолюбивых взглядов на многовековое национально-
освободительное движение. Затем он вернулся домой и продолжил свою работу. Эта
организация является источником идей на государственном уровне.
Ілияс Жансүгіров: «Білім мөлшерім, өмір соқпағым, шет жұрттың әдеби қазынасымен
танысуға әлі мүмкіндік бермей келеді» деуіне қарағанда, жас кезінде жазушылық жолға
түскенде әлі де болса өзіне қанағаттанбағандығын байқаймыз. Дегенмен, Ілиястың сол тұста
өзінің хал-қадірінше әлемдік әдебиеттен хабардар болған төмендегі деректер жоққа
шығармайды.
Мәрзия Ильдарова – кеңес өкіметі тұсында түрлі
қызметте болған, көз қарақты,
білімді адам. Өз естелігінде Ілиясты 1918 жылы Ақсудың батысындағы Қайнар дейтін елдің
мешітінде орыстың және батыстың атақты классиктерін оқып отырғанын көреді. Кейін сол
кітаптардың бірқатарын аударып қазақша сөйлетеді.
Ол кітаптар XIX ғасырда жарық көрген озық ойлы авторлары Л.Н.Толстойдың
«Семья», «Бақыт неде?», Салтыков–Щедринның он екі томдық жинағы, сол сияқты И.А.
Гончаровтың, А.П. Чеховтың, И.С. Тургеневтің, К.С. Григоровичтың, М.А. Лесковтың, В.А.
Жуковскийдің, А.К. Шиллер-Михайловтың, Ф.М.
Достоевскийдің, В.Г.Белинскийдің
т.б.ақын –жазушы, сыншылардың шығармалары болған. Сонымен қатар, XIX ғасырдың
аяғына дейін және ХХ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде орыс тіліне аударылып үлгерген
әлемдік әдебиет өкілдерінің де шығармалары көп кездескен. Мысалы, Г.Гейненің алты
томдық жинағы, сол сияқты Вальтер Скоттың он төрт томдық жинағы, М.Сервантестың
«Дон-Кихоты», Фердаусидың «Сохрабтың тарихы», А.Доденнің
повестері мен әңгімелері,
бір ғана Жюль Вернның шығармаларынан жиырма төрт кітап болған.
Сөйтіп, мұсылман дінін уағыздауға арналған Қайнар құмындағы мешіт әлемдік
әдебиеттің асыл қоймасы болып шыққан. Мұны судан сүзіп ішкен тума талант Ілияс әлемдік
әдебиеттің түрлі әсем үлгілерін өз қолына ұстап, өнегесінен үйренген, еркінше оқып, еміне
сусындаған. Қысқасы, Ілиястың тұңғыш шыққан жыр жинағының жайы солай болса, бұл
оқиға оқу бітіріп келген жастың кейінгі қалам сілтесіне ешбір нұқсан келтірген жоқ.
Керісінше, қайта өршеленіп, поэзия өлкесіне батыл қадам жасауына ықпал етеді. Сағат санап
өскен жаңа өмірдің әр қадам қарқынынан қалмай, қарымды, жақсы жыршысы болу үшін
өлең топтамаларын үдете жаза түседі.
Сонда Қайнар мешітіне бұл қазына қайдан келген?
Жетісудың жергілікті халықтарының
ішінде ертеректе оқып, білім алған ұлт
өкілдерінің бірі - Барлыбек Сыртанов. Ол өткен XIX ғасырдың соңғы жылдарында
орысша оқуға шақырылап, Верный
гимназиясын алтын медальмен, Санк-Петербург
университетінің араб тілі факультетінің күміс медальмен бітіріп, ХХ ғасырдың алғашқы
онжылдығы ішінде Жетісу облыстық басқармасында тілмаш болып қызмет атқарған.