1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет66/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
63 
өзгеруіне сай тілдік қолданыстар, соның ішінде фразеологизмдерді жаңғыртып, жаңартып 
қолданады. І.Жансүгіров шығармаларындағы фразеологизмдерді сол қалпында немесе 
жаңғыртып, соны қырымен шебер пайдаланғанын «Жолдастар» романынан көруге болады. 
Қазақ тілінде «
қас пен көздің арасында
» деген фразеологизм жиі кездеседі. Ол «лезде, 
тез, жылдам, көзді ашып-жұмғанша» [3,6б.] деген мағынада жұмсалады. Осы фразеологизмді 
І.Жансүгіров: «... 
Қылау ұшқындады. Қар сапалақтады. Алай-түлей боран түтеді. Қыр – 
қараңғы. Түн – түнек. Қас пен көздің арасы көрінбейді
», – деген сөйлем арасында қолданған 
[4,6б.]. Бұл фразеологизмді жазушы сөздердің номинативті мағынасын сақтай отыра жазып, 
бастапқы фразеологиялық мағынасынан өзгешелеп қолданған. 
«
Көкке тойған
» деген фразеологизм, әдетте «жазғытұрым кездегі пішен, шөпке аузы 
жаруын, аяғы ілінуі» [3,9б.] мағынасында қолданылса, жазушы: 
Көкке тойған соң қара тіл 
болып көк жалаған сиырлар қазыққа байлаулы күйінде ыңқ-ыңқ етеді, – 
деп өрнектейді [4, 9б.]. 
«
Өзінің аяғын алып жүре алмау
» деген фразеологизмі халық тілінде «өзгенің көмегенсіз 
қолынан ештеңе келмейтін адам» [3,97б.] деген мағынаны білдіреді. І.Жансүгіров: «
Біреудің 
малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы
», – деп фразеологизмді 
адамды сипаттау арқылы көрсетеді [4,8б.]. 
«
Жегені желкесінен шығу
» фразеологизмінің екі мағынасы бар: 1.Тыныштықен аузын 
асқа тигізбейді, ішкен асы бойына құт болмады; 2. Арамтамақ, жемқордың сазайын берді деген 
мағынада білдіреді [3, 252б.]. Жазушы оны: 
«Былтыр Әділханға жүргіземіз деп жегеніміз 
желкемізден шыққандай болған жоқ па?» –
деп фразеологизмнің алғашқы мағынасымен 
жұмсаған [4,9б.]. Сонымен қатар, мән-мағынасын сақтай отырып, экспрессивті-эмоционалды 
реңк үстемелеп мағынасын күшейткенін көруге болады. Мысалы, халық тілінде «
бас байлау
» 
деген «еріксіз болды, мәжбүр болды» [3,125б.] деген мағынада қолданса, І. Жансүгіров: «
Сөйтіп 
жүрген Сатанға Тәжидің тағы қылтылдатып отырған міне бір «қой алу» деген сөзі 
бостаншылығын тағы жойып, басын байлайтын сияқтанды
», – деп фразеологизмнің бастапқы 
мағынасымен қолданған [4,11б.]. Сонымен бірге жазушы бір нәрсені істеуге шындап кірісті, 
тәуекел етуді «бас байлау» тіркесімен қатар синонимдес «
белін буу
» [3,140б.] фразеологизмін де 
жазушы өз туындысында: «
Сатанның шешесі сол түннен былай түнгі күзетке белін буып 
кірісті
», – деп шебер қолданған. 
«
Отымен кіріп, күлімен шығу
» деген тұрақты сөз тіркесінде «бар үй бейнетін, түз 
бейнетін арқалау» [3,562б.] деген мағынаны білдіреді. Жазушы шығармасында: «
Біреудің 
отымен кіріп, күлімен шықпайды
», – деп фразеологизмнің бастапқы толық мағынасын 
қалдырғанымен, болымсыздық мағынасында қолдануымен ерекшеленеді [4,11б.]. 
«
Тиыннан тиын туғызған, қу таяқ саудагер 
, – деген жолдарда [4,14б.] көруге болады,
– 
Құсайынды көрген соң қу құйрық Шалматай әңгімені ушықтырмай майдабикеге салып, бұл 
шіркіннің дәм атқанның құдыққа түкіргеніне өкпелегенін айтқанда, оны енді Құсайын 
араласқан соң «тастадым» 
[4,74б.].
 
Бұл жерде синонимдес фразеологизмдер ойды дәл, анық 
жеткізеді. «
Қу таяқ (құйрық)
» [3,462б.] деген фразеологизмі бұл жерде «қыдырымпаз» 
мағынасында келіп, констексте өз бейнесін айқын ашып тұр. 
«Таң атқанша кірпік ілмей, жұлдыздарды батырып, таңды атырып, күнді көзінен 
шығарды», – 
жазушы синонимдес фразеологизмді қиыстыра қолданған [4,16б.]. Біріншіден, 
«кірпік ілмей» тұрақты сөз тіркесі «ұйықтамады, көз жұмбады» [3,385б.] деген мағынаны 
білдіреді. «Күнді көзбен атырды» деген фразеологизмді жазушы «күнді көзінен шығарды» 
фразеологизмінен алмастырған.
«
Өлім аузы
» тұрақты сөз тіркесі «ажалдан аман-есен қалды, ажалдан алып қалды» 
[3,574б.] мағынасындағы тіркес І.Жансүгіровте: 
«Ел күземін алып жатқанда Сатанның 
шешесіне сүзек сап ете түсіп, өлім аузынан қалған соң көнтек көк азбанды қалжаға жеп 
көтерілді,» – 
деп берілдеді [4,17б.]. 

«Құрдай жорғалау»
фразеологизмі халық қолданысында «аяғынан тік тұрып, қорқып, 
именіп қызмет қылды» [3,479б.] мағынасындағы сөз тіркесін «Жолдастар» романында: «
Тәжи 
құрдай жорғалап жерге кіріп кете жаздады
», – деп стильдік бояуын қоюлата суреттейді 
[4,18б.]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет