1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет3/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді. Кез-келген мемлекеттің өркениеттілігі орнда өмір сүретін халықтың өнегелілігімен бағаланады, ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дұрыс. Мектеп – әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі»,– деген пікірді айта келе, әсіресе ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлу қажет екеніне мән береді. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіру, жасөспірімдерді ұлттық, өнегелілік негізде білім беріп, тәрбиелеу бүгінгі күннің басты көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ауыл мектептері әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмірінде маңызды роль атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс өтпейтіні белгілі. Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы шағын жинақты мектептердегі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында шағын жинақты мектептердің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000жылғы қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі шағын жинақты мектеп, ал кемінде 81 бала оқыса, орта шағын жинақты мектеп деп аталады.
Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды. Шағын жинақты мектептің 3 түрі болады. Олар: 1. Бастауыш шағын жинақты мектеп.
2. Негізгі шағын жинақты мектеп.
3. Орта шағын жинақты мектеп.
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыды келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асады. Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш шағынжинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді.
Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде: «Шағын жинақты мектеп тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақ топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді»,– деп атап көрсетеді.
1999 жылғы 7 маусымда (№389 -І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында шағын жинақты мектепке мынадай анықтама беріледі: «Шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте-екі сынып, ал бір комплектілі мектепте-үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1-сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1-сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. Мұнда екі сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып-комплект 1, 2, 3, 4-сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болатындығы көрсетілген.
«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметің ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (2000 ж.№32(6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі», – делінген.
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. Елімізде шағын жинақты мектептерді оңтайландыру мәселесі соңғы кезде көп айтылып келеді. Басты себеп – шағын жинақты мектептерде білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар әзірленуі. Осы мәселенің шешімі ретінде Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдамада шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық негіздері, шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске асырудың тетігі, шағын жинақты мектептердегі білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қолдау мәселелері қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет