І Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау – мотивациялық кезең Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.
Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.