Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керектігін, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы екенін айтқан.Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш-қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды», – деген.
Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.