1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕСАБАҚ ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет13/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

7. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕСАБАҚ ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Ғылымды дамытпайынша, оның саласын,атап айтқанда педагогикалық ғылымды жетілдірмейінше, жаңа инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізбейінше, біздіңэкономикалық өркендеуіміз, рухани және мәдени түрленуіміз мүмкінболмайтыны анық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» аттыхалыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болыптабылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», – деген болатын.Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес білім берумақсатында шағын жинақты мектеп жағдайында пәнаралық байланысты оқыту процесінде жүйелі жүргізудің қажеттілігін уақыт өзі дәлеледеп отыр.Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқытуүрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағыбайланысты құру.Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланысидеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оныңішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Соныменқатар пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігутенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнынайқындаудың басты шарты болып табылады.Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар біліммазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себептіоқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымыныңда өзіндік маңызы бар.


Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізіндеұйымдастыру үшін алғы шарт.Пәнаралық байланыстарды тек оқытудың жалпы әлеуметтік мақсаттарыретінде ғана емес, нақты педагогикалық міндеттерді қалыптастыруға білім,білік, дағдылардың жалпыпәндік жүйесін қажетті фаторлардың бірі ретіндеқарастырған жөн. Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегінде білімді мәнді,мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралықбайланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мендағдыны қолдануға көмектеседі. Нақты байланыстар –фактілер деңгейіндегі оқыту пәндерінің арасында жүзеге асады, білімдердіжалпылау мақсатында жан-жақты қарастырылады. Пәнаралық байланыстыңбұл түрі оқыту бағдарламаларында кең қарастырылған және оқытутәжірибесінде белсенді қолданылады, әсіресе, төменгі және орта буынсыныптарында.Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған мектеп бағдарламаларында «Пәнаралық байланыс» деген арнайы бөлім берілген. Бағдарламада пәнаралық байланыс туралы: «Ғылымның әртүрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда, табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады»,– делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады. Шағын жинақты мектептің ерекшеліктерінің бірі –сабақтарды кіріктіре оқыту, басқаша айтқанда интеграция. Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, олдифференциация үрдісімен қатар жүреді. Интеграциялық сабақтың дәстүрлісабақтан айырмашылығы – пәнаралық байланыстардың қолданылуы.Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады. Интеграция үдерісі (латынша integratio – біріктіру, қалпына келтіру) өзарабайланысы мен өзара бірін-бірі толықтыруының негізінде жүйенің жекеленгенбөлімдері мен элементтерін бір бүтінге біріктіру. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейденақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы –сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккенсабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерінсинтездеу. Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әртүрлі: семинарлар, конференциялар,саяхаттар, т.б.
Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты:

    • сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

    • сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

    • тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

    • сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау;

    • оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;

    • оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

    • оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару;

    • оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы;

    • оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау.

Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.
Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту.Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы бар.Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетінеүйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты мектептер жағдайында өте маңызды.Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады.
Біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді.Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әралуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.
Біртақырыптық сабақты жоспарлау – бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейіне қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру қажет. Әдістемелік құралдың соңында пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған.
Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар:

  1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы.

  2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру.

  3. Өзара оқыту. Өзара бір-бірін оқыту процесінде оқу әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы білім, білік, дағдыларын меңгеру негізі. Оқыту кезінде мұғалім рөлін атқара отырып, оқушы ақпаратты беріп қана қоймайды, қарым-қатынас жасауда өз білімін өзектендіреді.

  4. Өзара әрекет ету еркіндігі. Оқушылардың ортақ әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру сыныптағы барлық оқушыларға жағымды қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

  5. Әртүрлі жастағы оқушылардың өзара әрекетін реттеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетінің мазмұны мен формалары, сондай-ақ олардың бірге жұмыс істеуіне ынталандыратын тәсілдер мен құралдардыңтаңдалуы. Әрқайсысына ортақ мақсатты меңгеруге және одан жеке өзіне мән іздеугекөмектесуі; ортақ нәтижеге жету және тұлғаның жеке жетістіктерін дамыту үшін әрекеттердің маңыздылығын қарастыруы; оқу үстіндегі және оқудан тыс әрекеттеріндегі оқушылардың өзара әрекетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары және төменгі сынып оқушыларының өзара әрекетінің түрлі әдістері мен формаларын қолдануы. Әрекеттің мазмұнын, сабақтың әр кезеңіндегі жоғары және төменгі сынып оқушыларының рөлін, қызметін нақты анықтауы.

Біріктірілген сыныптарда сабақты жоспарлауда төмендегі жайттарды ескеру қажет:

  • артық жүктемеден қашу (оқу еңбегіне уақытты қысқарту есебінен, ең алдымен, оқу материалының мазмұны мен көлемін қатаң іріктеуден);

  • бастауыш мектеп сабақтарында кемінде 2-3 рет үзілістер (жаттығулар) жасау;

  • оқушылардың өзіндік жұмысын міндетті түрде қосу;

  • оқушылардың өзіндік жұмысының көлемі мұғалімнің басқа сынып оқушыларымен орындалатын жұмысына тәуелділігін;

  • шағын жинақты мектептегі сабақ екі бөліктің алма-кезек ауысып отыруынан құрылатынын: мұғалімнің басқаруымен және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары;

  • оқушылардың жұмысын кезектесіп орындалуы мұғалімнің басқаруымен жүргізу қажеттілігі,

  • оқушылардың өзіндік жұмысына арналған үлестіру материалдарының кез келген түрін қолдану.

Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру тәсілдері:

    • ортақ мәселелер мен міндеттерді барлығына бірдей түсінікті және қызықты етіп қою;

    • ізденімдік тапсырмалар қолдану, іздендіру жағдаятын құру;

    • шығармашылық тапсырмалар орындату;

    • орындалған тапсырмалардың нәтижелерін бірге талқылау, ойын элементтерін қолдану, сайыстар өткізу.

Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастыру мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік және пәнаралық кіріктіре оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар екі сыныпқа ортақ түсіндіріледі де, жаңа оқу материалын бекіту барысында жаттығулары дараланып, өзіндік жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар беріледі. Ал пәнаралық кіріктіре оқытудабілім мазмұнының жүйелілігін сақтай отырып, бір сыныпта бірнеше пән бойынша мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Мұнда екі пәндегі жаңа тақырып (мысалы, биология және химия, т.б. пәндерді кіріктіре оқытуда)мазмұны ұқсас болғандықтан сыныпқа ортақ түсіндіріліп, оқушылардың әр пән ерекшелігіне сәйкес өзіндік жұмыстармен ұштастырылады.Кіріктіру – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Оқытуда бұл түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру пәнаралық байланысты шешу арқылы жүзеге асады.Әдебиеттерде, мысалы, бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары сыныптағы жаратылыстанупәндерімен келтірілген. Соңғысы биология, химия, физикамен біріктірілген. Олар осы пәндердің үйлестірілген мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық құрылымымен беріледі.Үйлестіру – өтілетін ұғымдар мен құбылыстар және олардың оқу танымдылығы мен уақыттары ортақ туыстас пәндердің оқу бағдарламаларын ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы).
Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру – оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың педагогикалық шарттарының бірі. Кешендік бағыт және оқытудың тәрбиелік міндеті жайлы ұстаным пәнаралық байланыстың тәрбиелік рөлін күшейтеді. Бұл, әсіресе, гуманитарлық пәндер төңірегінде айқын көрінеді. Біріктірілген сыныптарда пәнішілік мазмұны ұқсас тақырыптардыкіріктіре оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі:
• оқушылар әр түрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;
• әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды бірігеотырып тиянақты меңгеруі қамтамасыз етіледі;
• жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде озаоқытуға мүмкіндік туады;
• мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққабаулиды;
• оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, жоғары сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өзбілімінің сапасын анықтай алады;
Осының нәтижесінде бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделген мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытудың тиімділігі айқындалады.
Біріктірілген сыныптарда сабақ ұйымдастыруда деңгейлеп-саралап оқыту, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, дамыта оқыту, ынтымақтастықта оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқыту технологиялары қолданылады. Біртақырыптық сабақтар, негізінен, дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Дамыта оқытудың тиімділігі – мұғалім мен оқушы арасында тең қарым-қатынас орнайды. Өйткені, дамыта оқытуда мұғалім дайын білімді түсіндіріп беруші, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұлай оқыту бала интеллектісінің көзін ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Дамыта оқытудың басты ұстанымдары төмендегідей:

  • сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;

  • оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактілік, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлау қабілеттерін дамыту ұстанымы;

  • пәнді оқытуда жеке және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;

  • оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыруұстанымы;

  • оқытудың тарихилылығы ұстанымы;

  • оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.

Осы ұстанымдар негізінде пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері және оқытудың негізгі формалары, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы, оқушылардың ізденімдік қабілетін дамытуға арналған басқа да жұмыс түрлері анықталады.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен,3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет