Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 1. Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу дегенді қалай түсінесіз?
2. Шағын жинақты мектеп оқушыларының білімін бағалауда қандай әдістер қолдануға болады?
3. Шағын жинақты мектеп оқушыларының білімін бағалауда ескерілетін жағдайларды атаңыз.
4. Шағын жинақты мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде қандай тест әдістерін қолдануға болады?
5. Шағын жинақты мектептердегі сабақтың негізгі белгілері мен міндеттерін, дидактикалық мақсатына қарай түрлерін атаңыз.
6. Шағын жинақты мектептерде жүргізілетін бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар туралы айтыңыз.
7. Шағын жинақты мектептердегі бір пәндік сабақ кестесін тиімділігін атаңыз.
8. Шағын жинақты мектептерде оқушылардың өздік жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы айтыңыз.