1. Қазақстан Республикасындағы білім беру деңгейлерінің бірі



Дата12.09.2024
өлшемі18,09 Kb.
#204224
Байланысты:
Білім туралы 3 вар


1. Қазақстан Республикасындағы білім беру деңгейлерінің бірі:
ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A сатылап білім беру
B бастауыш білім беру
C жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
D қашықтан білім беру
E қосарланған білім беру
2. Біліктілікті беру – бұл:
ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A мамандық, мамандық бағыты шеңберінде белгілі бір күрделіліктегі жұмыстарды орындау үшін жеке тұлғаның құзыреттілігін және оның кәсіби қызметке жеке қабілетін растау рәсімі.
B уәкілетті органның жеке тұлға алған білімі, іскерлігі, тәжірибесі мен құзыреттері кәсіптік қызметтің белгілі бір түрін орындауға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін бағалау және растау рәсімі;
C мамандық және мамандық бағыты шеңберінде белгілі бір күрделілік деңгейіндегі жұмыстарды орындау үшін қызметкердің кәсіби қызметке даярлық рәсімі;
D мамандық, мамандық бағыты шеңберінде белгілі бір күрделіліктегі жұмыстарды орындау үшін қызметкердің жеке қабілеттері мен кәсіби қызметке даярлығының жиынтығын растау рәсімі;
E нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

3. Қазақстан Республикасының азаматтарын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту немесе ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия:


ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A Президенттік стипендия
B мамандандырылған стипендия
C барлық жауаптар дұрыс
D "Болашақ" халықаралық стипендиясы
E халықаралық грант

4. Білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы


ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A білім беру саласындағы мектеп-интернаттар
B жергілікті өзің-өзі басқару органы
C мектепке дейін білім беру орталықтары
D заңда көрсетілмеген
E білім беру саласындағы уәкілетті орган

5. Oқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді


ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A жалпыға міндетті мектепішілік стандарт
B жалпыға міндетті мектеп бағдарламалары
C орта білімнің міндетті мемлекеттік стандарты
D мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
E кәсіптік-техникалық білім стандарты

6. Mемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық


ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A кәсіп одақ басшысы шешеді
B ақылы
C ата-анасының еркі бойынша
D ақылы және тегін
E тегiн
7. Білім беру жүйесін басқаруда білім беру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру құзыреттілігі берілген:
ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне
B Үкіметке
C Конституциялық Кеңеске
D Парламентке
E Жергілікті атқарушы органдарға
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындайды:
ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A Үкімет
B Облыстық білім басқармасы
C Университет ректорлары
D Мәжіліс төрағасы
E Конституциялық Кеңес
9. Кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік бағытта жүзеге асырылады:
ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A резидентура
B докторантура
C аспирантура
D интернатура
E магистратура

10. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына:


ЖАУАП НҰСҚАСЫ
A материалдық көмек төленуі мүмкін
B президенттік стипендия төленуі мүмкін
C мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін
D жәрдемақы төленуі мүмкін
E барлық жауаптар дұрыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет