1. Қазақстан тарих пәнінің оқытудың мақсаты,міндеттері және күтілетін нәтижелері. Тарихнамасы және дереккөздері Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»



бет1/5
Дата19.11.2022
өлшемі40,53 Kb.
#158960
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Фараби құжаттар


1. Қазақстан тарих пәнінің оқытудың мақсаты,міндеттері және күтілетін нәтижелері.Тарихнамасы және дереккөздері
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр.Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекетгік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (өтпелік, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция). Дүниенің түрлі аймақтарында адамның пайда болуының, қалыптасуының, дамуының кептеген ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Адамды басқа табиғаттан ерекшелеген - оның еңбек қызметі. Адамзат тарихы үлкен екі дәуірге бөлінеді: алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі. Алғашқы қауым деп қоғамдасқан адамдар тобын атайды. Олардың сипатты белгілері: саны аз, қарапайым Әлеуметтік ұйымдасу, қарапайым тұрмыс пен мәдениет. Табиғи ортаның күн көру жағдайлары мен өздерін сақтау қажеттілігі алғашқы адамдарды терімшілік пен аң аулауға мәжбүр етті, мұның өзі шаруашылықтың ең қарапайым түрі болатын, оның өзі ұжымдық еңбекке негізделді. Адамдардың осындай еңбек кызметін қамтамасыз еткен тас құралдары болды. Бұл құралдар адам баласының ежелгі ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі туралы базалық мәлімет береді, бұлар Қазақстанда да табылуда.Адамдардың еңбек құралдары неден жасалған деген сұраққа байланысты археологияда тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оларды шартты түрде «Ғасырлар» деп атайды. Олар: тас, қола, темір. Ең ұзағы - тас ғасыры (2,6 млн. жыл бұрын - б.з.б. 3 мың жылға дейін). Қола дәуірі 2,5 мың жылға созылды (б.з.б. 3 мың жылдан б.з. 7-5 ғғ. дейін). Андронов мәдениетін таратушылардың негізгі шаруашылық қызметі мал бағушылық болды. Қазақ халқының этногенезінің басталуы жазба деректер бойынша ертеде Қазақстан территориясын мекендеген турлар мен арилер тайпалық одақтарымен байланысты. Көшпелі тұрмысқа ауысу б.з. дейінгі II мыңыншы жылдың аяқ кезінде басталды.Ерте темір дәуірі барлық аймақтарда көшпелі мал шаруашылығына ауысуға әкелді. Евразия ұлы даласын скиф-сақ қауымдастығы игерді. Сақтардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, ал савраматтарды - сарматтар жалғастырды. Ғұн державасы Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя еді.
Түрік қағанаты - Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы ғұндар мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Түркілер ғұндар мемлекеттілігі мен мәдени дәстүрін одан әрі дамытты. Қазақстан жері Түрік қағанатының құрамында болды, оның шекаралары Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін созылды. Қазақ мемлекеттілігі осы кезден бастап монғолдар жаулап алғанға дейін түркілер өркениетінің аясында болды. Барлық түркі мемлекеттік бірлестіктері әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесі жөнінен бір деңгейде болды.
XI - XII ғғ. қыпшақтар қазақ халқын топтастырушы негіз болды. Қыпшақ халқының өзінің құралуының аяқталу кезеңі Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты үзілді.
XIII ғ. аяғында - XV ғ. басы аралығындағы Көк Орда мен Ақ Орда жергілікті этникаға негізделген алғашқы ірі мемлекеттік бірлестіктер болды.
Осы блок бойынша ортағасырлық тарих проблемасының ең маңыздылары мына тақырыптар:
Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
XV - XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығы.
Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Қазақстан егемендік алғанға дейін оның жаңа заман тарихы. Ресейге қосылу себептерін дәлелдеу және осы тарихи актінің прогрессивтігін деріптеу талаптарына сай келу тұрғысынан баяндалуы тиіс болды. Сөйтіп осы проблеманы зерттеуші алдын ала-ақ қатаң шектеушілік шеңберінде өз зерттеуін сыңаржақ шешуге мәжбүр болды. Қазіргі тарихнама жаңа замандағы Отан тарихының көптеген проблемаларының маңыздылығын негіздеді, солардың арасында әсіресе Отанды қорғау және қазақ халқының азаттық үшін қозғалысы ерекше орын алады.Осы айтылғандар бізді Отан тарихын зерттеудегі болған түбірлі өзгерістердің себептерін түсіндіретін бірқатар ірі проблемаларға алып шығады. Солардың арасындағы маңызды проблема XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Орталық Азиядағы геосаяси ситуация құрамындағы Қазақстанның орны.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет