1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет10/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Петроградтағы Қазан төңкерісі.1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері:  1) Монархияның ауыр мұрасы 
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.  3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен. 



60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар

1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.



20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары : қосшылар одағы, шарком және жұмжерорман одақтары маңызды орын алды . Бұл одақтар бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның , екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды . 20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірін айтқанда қайғылы ерекшелігі мынада болды : Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халық зердесін жоюға , бұл зерденің иелері ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады . 20 ж.ж екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді . 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия өкіметінің V конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды . Республикада Кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды , бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-38 жж . жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты . 1937-38 жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов , Н. Нұрмақов , С.Қожанов, О. Жандосов , А. Асылбеков , Ж. Сәдуақасов З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды . Ә. Бөкейханов , А Байтұрсынов , І . Жансүгіров , Ж. Шанин т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж. қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді .Өлкедегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер , Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру , мәдени құрылыстағы , халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті . міне, осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді

20ғ. бас. Қаз\ғы саяси партиялар мен қозғалыстар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен , орыс жұмысшыларымен , солдаттармен қарым қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті . Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды . Мыс: Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы » (жетекшісі Жүсіп Бабаев ) Сергиөпілде (Аягөз)- «Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы » Петропавлда –«Жас арбакештер ұйымы » Жастар ұйымдары құрылып , белсенді жұмыс жүргізді : Әулиеата мен Меркеде –«Қазақ жастарының революцияшыл одағы » , Ақмолада- «Жас қазақ » ұйымы , Петропавлда- «Талап» ұйымы Спасск зауытында –«Жас жүрек » ұйымы , Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар 1905 жылы- «Алаш» қозғалысы , 1917жылы – «Алаш » партиясы . Әлеуметтік негізі капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар . Мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден азат ету , Автономиялық ұлттық мем-т құру . Бағыты – реформистік капитализм жолы . Жетекшісі - Әлихан Бөкейханов . Мүшелері : А . Байтұрсынов , М. Дулатов , Ш. Құдайбердиев , М. Тынышпаев , Ғ . Қарашев , С. Торайғыров , Х. Ғаббасов , Ә. Ермеков , ағайынды Досмұхамбетовтар . «Алаш» партиясы жетекшілері Қазан төңкерісін , Қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын қабыламады . 1917 жылғы күз –«Үш жүз» партиясы құрылды . Жетекшісі – Көлбай Тоғысов . Мақсаты большевиктік бағыт ұстау . 1917 жыл- Ақпан төңкерісінен кейін Семейде , Петропавлда , Қостанайда , Оралда , Өскеменде Кадеттер ұйымы құрылды . Мақсаты : бөлінбес , біртұтас Ресей конс. Монархиясын құру , қоныстандыру саясатын құру . 1917жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды . Мақсаты: Жерді шаруаларға беру , жер бүкіл халықтың меншігі ұранын көтеру . Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау . Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе құрылды . Билік жолында күрескен партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарамаларын ұсынды.

61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм

Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты: Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:  1) Азық – түлік салғырты енгізілді.  2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.  4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті

62)«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі.Бағдарлама жобасының маңызы: 
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.  2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.  Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды

Қазақстан­да қазақ ин­телли­ген­ци­ясы басқарған қазақтар­дың ұлттық об­лыстық және уездік ко­митет­тері де ұйым­дасты­рыл­ды. Оларға ко­мис­сарлар бо­лып ұлттық ин­телли­ген­ци­яның өкілдері, атап айтқан­да, Торғай об­лы­сын­да Ә. Бөкей­ха­нов, Жетісу об­лы­сын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Түркістан­да М. Шоқаев, т. б. тағайын­далды.

Уақыт­ша үкіметтің Қазақстан­дағы жергілікті ор­ганда­ры ку­лак­тарға, қазақтар­дың бас­шы топ­та­рына, қазақ ауыл­да­рының бай-ма­нап­та­рына арқа сүйеді. Олар жұмыс­шы­лар мен еңбекшілердің ре­волю­ци­яшыл­дық ша­бытын әлсіре­туге ты­рыс­ты, ха­лықты то­на­ула­рын жалғас­ты­ра берді, бұқара­ны им­пе­ри­алистік соғыс­тың ауырт­па­лықта­рын өз мойын­да­рымен көте­руге мәжбүр етті. Қазақтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған ескі заңдар күшінде қал­ды, ора­сан зор жер иеліктері мен орыс-ка­зак әскерінің сос­ло­ви­елік ар­тықшы­лықта­ры сақтал­ды, қазақ халқының таңда­улы жер­лерін тар­тып алу­шы Қоныс ауда­ру басқар­ма­сы өз қыз­метін өзгерт­педі. Сөйтіп, Уақыт­ша үкімет Қазақстан­да бұрынғы пат­ша өкіметінің са­яса­тын одан әрі жалғас­тырды.

Пат­ша өкіметі құла­тылған соң, Қазақстан боль­ше­вик­тері ас­тыртын жағдай­дан шықты. Боль­ше­виктік пар­ти­яның қата­рына С. Сей­фул­лин, Б. Серікба­ев, Т. Рысқұлов, С. Арғын­ши­ев және басқала­ры кірді.

Ақпан ре­волю­ци­ясы жеңген­нен кейінгі Қазақстан жұмыс­шы та­бының еле­улі та­бысы – кәсіпшілер одақта­ры ұйым­да­рының құры­луы еді. Олар­дың қалып­та­су­ын­да Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның Қүрыл­тай съезі және Ом­бы темір жол жұмыс­шы­лары мен қыз­меткер­лерінің бірінші съезінің үлкен маңызы бол­ды. Бұл съез­дердің күн тәртібінде бірқатар маңыз­ды са­яси және эко­номи­калық мәсе­лелер қарал­ды. Олар: Уақыт­ша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағат­тық жұмыс күні, жұмыс­шы, сол­дат және ша­ру­алар де­путат­та­ры Кеңес­теріне қатыс­ты­лық, конт­рре­волю­ци­ямен күрес, Құрыл­тай жи­налы­сына қаты­су, пен­си­ямен қам­та­масыз ету және т. б. мәсе­лелер.

Осы кез­де Ом­бы, Орын­бор, Таш­кент, Се­мей т. б. қала­лары оқу орын­да­рының қазақ жас­та­ры алғашқы кез­де мәде­ни-ағар­ту істерімен шұғыл­данған жас­тар үйірме­лері мен ұйым­да­рын құрды. Орын­борда «Еркін да­ла», Ом­бы­да «Бірлік», Орал­да «Жас қазақ», Тро­ицкіде «Үміт» деп ата­латын және басқа жас­тар ұйым­да­ры, 20 шақты үйірме­лер мен топ­тар пай­да бол­ды. Бұл ұйым­дардың белгілі бір бағдар­ла­мала­ры бол­ма­ды, әле­уметтік құра­мы жағынан да біркелкі емес еді. Алай­да, олар қазақ халқын пат­ша өкіметінің ұлттық ор­та­лық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қала­ды, өз халқының білім алу­ын та­лап етті, еңбекшілердің са­насын­да ұлттық бірлік, бос­тандық пен тәуелсіздік иде­яла­рын оятуға ұмтыл­ды. Со­лар­дың бірі Тұрар Рысқұлов ұйым­дастырған «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­яшыл одағы» еді. Оның құра­мына қазақ халқының ор­та­ша және ке­дей топ­та­рынан шыққан ал­дыңғы қатар­дағы жас­тар енді. Орын­бор қала­сын­да шоғыр­ланған қазақ оқыған­да­ры өза­ра кеңесіп, ке­зек күттірмейтін ұлттық мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты бір тұжы­рымға ке­лу үшін жал­пы қазақ съезін шақыру ту­ралы шешім қабыл­да­ды. Олар «Қазақ» га­зеті арқылы қазақ және қырғыз ха­лықта­рына ар­найы үндеу жол­да­ды. 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­борда болған «Бүкіл қырғыз­дық» съез­де «Алаш» пар­ти­ясы қалып­та­сып, бас­шы ор­ганда­рын сай­ла­ды. Оның құра­мына Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Байтұрсы­нов, Міржақып Ду­латов, Ел­дос Ома­ров, Мұста­фа Шоқай, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Ха­лел Досмұха­медов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, т. б. кірді. Бұл пар­ти­яның сол жы­лы 5–13 (18–26) жел­тоқсан­да Орын­борда өткен екінші съезінде қазақтың ав­то­номи­ясы – Ала­шор­да Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрыл­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­ның Бағдар­ла­масы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұра­ды. Олар:

Ре­сейдің де­мок­ра­ти­ялық фе­дера­ция бо­лып жа­ри­яла­нуы ту­ралы;

Ре­сей құра­мын­да Қазақ ұлт ав­то­номи­ясын құру;

Ха­лықтар ара­сын­да тең құқықтық ор­на­ту;

Дін ту­ралы, дінді мем­ле­кет­тен ажы­ратып шығару;

Ел­дегі билік және сот ту­ралы;

Елді қорғау, әскер және ха­лықтық ми­лиция құру;

Ха­лықтың та­бысы­на қарай са­лық са­лу;

Жұмыс­шы­лар ту­ралы;

Ғылым және білім ту­ралы;

Жер мәсе­лесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құра­мына 15 адам, Ха­лық Кеңесі төрағасы бо­лып Әли­хан Бөкей­ха­нов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақса­ты ұлттық бірлікті жан­данды­ру са­яса­ты болған еді.

1918 жылғы 5 қаңтар­да Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сының күшпен та­раты­луы Алаш ав­то­номи­ясын құру мүмкіншілігіне де зар­да­бын тигізді. Ала­шор­да бас­шы­лары мен боль­ше­вик­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық те­реңдей түсті. Егер Алаш пар­ти­ясы, біріккен ұлттық зи­ялы­лар боль­ше­вик­терге қазақ қоғамы­на мүлдем жат әле­уметтік тәжіри­бені күштеп та­нушы, қазақ жұрты­на іріткі са­лушы күш ретінде қара­са, боль­ше­вик­тер Алаш қозғалы­сына ұлттық бур­жу­азия мен фе­одал­дық топ­тардың тап­тық мүддесін қорғай­тын төңкеріске қар­сы кер­тарт­па күш есебінде қара­ды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасыр­лар бойы мыңдаған асыл аза­мат­та­ры ба­сын тіккен биік ар­ма­ны – ұлттық мем­ле­кетті қал­пы­на келтіру ісі – Алаш қозғалы­сы, Ала­шор­да үкіметімен бірге то­тали­тар­лық өктемдік пен им­пе­ри­ялық зор­лық-зом­бы­лықтың ша­бу­ылы­на көміліп, та­рих қой­на­уын­да қала берді.

63)Қазақ АКСР білімінің маңызы

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.

Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.



Жүзеге асыруға тиісті шаралар :
1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру.
2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.

Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.



КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).



Нәтижесінде;
1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.
2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).

1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.



64 )1917-1940 жж мәдениеттің дамуы,Кеңес зиялыларының қалыптасуы.. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.20-30 жж. мәдени  революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік

65 )ХХ 20-30 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туадыдегенсенімдеболды.Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен ...

Ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою

Ша­ру­ашы­лықты да­мытып, жақсы өмір сүру үшін ең ал­ды­мен ха­лықтар ара­сын­да са­уат­сыздықты жою және ағар­ту ісін да­мыту міндеті тұрды.

1924 жы­лы Қазақстан­да «Са­уат­сыздық жойыл­сын» қоғамы ұйым­дасты­рыл­ды. 1921–1927 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­да 200 мыңға жуық адам әр түрлі жер­де оқыды. 1928 жы­лы Қазақстан­да бар­лық ха­лықтың 28%-ы са­уат­ты бол­ды. Ал қазақтар ара­сын­дағы бұл көрсеткіш 10% бол­ды. 1931 жы­лы Қазақстан­да 15–20 жас ара­лығын­дағы бар­лық адам­дардың са­уатын ашу, яғни оларға міндетті білім бе­ру жүйесі енгізілді. Са­уат­сыздықты жою мақса­тын­да рес­публи­када ағар­ту ісіне жұмса­латын қар­жы­ның мөлшері көбейді.

Са­уат­сыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құра­мын­дағы басқа мем­ле­кет­терден арт­та қал­ды. Мұның се­бебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бю­рок­раттық са­яса­ты. Са­уат­сыздықты жою ісінде ең ал­ды­мен ком­со­мол ұйымы бел­сенділік та­ныт­ты. Тек қана 1930 жы­лы бұл іске ком­со­мол құра­мын­дағы 5000-ға жуық жас­тар қатыс­ты.

1936 жы­лы жер-жер­ден ашылған са­уат­сыздықты жою ме­кеме­лерінде 500000-нан ас­там адам оқыды.

Рес­публи­када ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою ісіне сол кез­дегі «Ауыл мұғалімі» жур­на­лы мен «Төте жол» га­зеті әдісте­мелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.

1939 жы­лы Қазақстан­дағы са­уат­ты адам­дардың үлесі 65% бол­ды, қазақ халқының ара­сын­да бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Рес­публи­кадағы ірі қала­лар, негізінен, са­уат­ты қала­ларға ай­нал­ды (Ал­ма­ты, Шым­кент, Қараған­ды, Ле­нино­горск, Та­раз, Орал т. б.)

Ха­лыққа білім бе­ру ісі

1926 жы­лы Қазақ АКСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мек­тептерінің жарғысын» қабыл­да­ды. Көпте­ген қала­лар­да ар­на­улы білім бе­ретін және со­ның ішінде қазақ қыз­да­рын оқыта­тын мек­тептер ашыл­ды.

1930–1931 жыл­да­ры Қазақстан ха­лықта­рының ара­сын­да жал­пыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жал­пыға бірдей білім бе­ру ісіне үкімет қол­дау көрсе­те бас­та­ды. Со­нымен қатар Қазақстан ком­со­молы бұл істің жүзе­ге асы­рылу­ын және білім бе­ру ісінің да­мыту­ын өз мойын­да­рына ал­ды. Білім бе­ру ісін да­мыту бағытын­да ана тіліндегі оқулықтар­ды жа­саған қазақтың ұлттық зи­ялы­лары үлкен үлес қос­ты. Мы­салы, А. Байтұрсы­нов су­ретті әліппе, Ж. Ай­ма­уытов ана тілі оқулықта­рын жаз­ды.

20–30 жыл­да­ры қазақ мек­тептеріне ар­налған оқулықтар­ды жа­сау бағытын­да Ғ. Мүсіре­пов, С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев, М. Ду­латов, Қ. Ке­меңге­ров, Ә. Бөкей­ха­нов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсы­нов, Ж. Ай­ма­уытов көп еңбек сіңірді. Рес­публи­ка жерінде орыс, қазақ, өзбек, та­тар тілдерінде оқыта­тын мек­тептер жұмыс істей бас­та­ды. 1934–1935 жыл­да­ры Қазақстан­да 221 ин­тернат жұмыс істеді.

Соғыс­тың ал­дында рес­публи­ка мек­тептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбе­ев, А. Ақатов, Ш. Са­рыба­ев, Л. И. Дов­ранс­кая, Н. В. Вол­ков т. б. білім бе­ру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» де­ген атаққа ие бол­ды.

Кәсіптік білім бе­ру ісінің да­муы

1928 жы­лы Қазақстан­да тұңғыш жоғары оқу ор­ны Ал­ма­ты пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Бұл инс­ти­тут Абай­дың есімімен атал­ды.

1929 жы­лы Ал­ма­ты зо­отех­ни­калық мал дәрігерлік инс­ти­туты ашыл­ды.

1930 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ ауыл ша­ру­ашы­лық инс­ти­туты ашыл­ды.

1931 жы­лы Ле­нинг­рад әске­ри ме­дици­на ака­деми­ясы­ның қамқор­лығымен Ал­ма­ты ме­дици­на инс­ти­туты ашыл­ды.

1934 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ кен ме­тал­лургия инс­ти­туты ашыл­ды. Кейін по­литех­ни­калық инс­ти­тут аталған бұл оқу ор­ны ин­же­нер-тех­но­лог кадр­ла­рын да­яр­лай­тын іргелі оқу ор­ны бол­ды.

1931–1932 жыл­да­ры Қызы­лор­да, Орал қала­ларын­да пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Се­мей, Пет­ро­павл, Ақтөбе, Қараған­ды, Қос­та­най, Шым­кент қала­ларын­да мұғалімдер инс­ти­тут­та­ры ашыл­ды. Соғыс­тың ал­дындағы жыл­дарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орын­да­рының са­ны 20-ға, ар­на­улы оқу орын­да­рының са­ны 118-ге жетті. Кәсіптік білім бе­ретін бұл оқу орын­да­рын­да 40000-ға жуық жас­тар білім ал­ды.

Ғылым­ның да­муы

XX ғасыр­дың 30 жыл­да­рын­да Қазақстан ғылы­мы қалып­та­сып, да­ми бас­та­ды. Қазақстан­ды ғылы­ми тұрғыдан зерт­теу ісіне 1920 жы­лы құрылған «Қазақстан­ды зерт­теу» қоғамы көп үлес қос­ты. Бұл қоғам­да Қ. Жұба­нов, С. Ас­панди­яров, Ж. Ай­ма­уытов, А. В. За­та­евич, А. Байтұрсы­нов, Ә. Ди­ва­ев, А. П. Чу­лош­ни­ков сияқты ғалым­дар еңбек етті. 1926 жы­лы М. Е. Мас­сон Та­раз қала­сының ор­нында ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба жұмыс­та­рын жүргізді.

Н. Г. Кас­син, С. С. Не­уст­ро­ев, М. П. Ру­саков, А. Е. Ферс­ман, Р. А. Ба­рунайов сияқты ге­олог ғалым­дар қазақ жерінің та­биғи ре­сурс­та­рын зерт­те­уде ірі та­быс­тарға жетті. Қараған­ды, Екібастұз көмір қор­ла­ры, Ембі мұнай қоры анықтал­ды.

1932 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақстан­дық ба­засы құрыл­ды. Бұл ба­заның құра­мын­да 1935 жы­лы та­рих және ге­оло­гия сек­то­ры, Қазақ ұлттық өнер ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты құрыл­ды.

1935 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы Кенді Ал­тай түсті ме­талын, Жезқазған мы­сын, Орал-Ембі мұнайын зерт­те­уге ар­налған сес­сия өткізді. Зерт­теу нәти­жесінде Қазақстан­ның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын ала­тыны анықтал­ды.

1935 жы­лы про­фес­сор С. Ас­панди­яров­тың еліміздің та­рихы жөнінде «Қазақстан­ның көне за­ман­нан бергі та­рихы» ат­ты ғылы­ми еңбегі жа­рық көрді.

А. Байтұрсы­нов, Қ. Жұба­нов, С. Сей­фу­лин, С. Мұқанов бас­таған әде­би­ет­та­нушы­лар линг­вис­ти­ка, тіл білімі және әде­би зерт­те­улер бойын­ша ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды.

Қазақ КСР-де ғылым­ды да­мыту жо­лын­да С. М. Ва­вилов, В. Л. Ка­маров, А. Н. Сма­ило­вич (түрко­лог), А. Д. Ар­хангель­ский (ге­олог) есімді ака­демик­тер мол үлес қос­ты.

1940 жы­лы Қазақстан­да 57 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты жұмыс істеді. Бұлар­да 1700-ге жуық қыз­меткер еңбек етті. 1939 жы­лы елімізде ғылы­ми істер­ге жұмса­латын күрделі қар­жы 14,4 мил­ли­он сомға жуық бол­ды.

Соғыс қар­саңын­да КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы құрыл­ды.

66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:  - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);  - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;  - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;  - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет