1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет9/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Ұлттық киім. Қазақтар­дың ұлттық киімінде өздеріне тән эт­ногра­фи­ялық белгілер сақта­лып қал­ды. Киім-ке­шек үшін мал­дың жүні мен терісі негізгі ма­тери­ал­дар бол­ды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-ма­та, жібек және басқа ма­талар­дан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Ер­кектер бітеу пішілген ке­удесінде тік өңір-қақпағы бар, жал­пақ қайыр­ма жағалы, етегі бірша­ма ұзын көй­лек ки­етін бол­ды. Со­нымен бірге жаз­дыгүні олар ешкі терісінен илен­ген күдері шал­бар киіп жүрді; шал­бардың ба­лақта­рына төменгі жағынан тілік тас­та­лып, ол кес­те­мен сәнде­летін.

Қазақтар әдемі «мәуіті ша­пан» мен «мәуіті шек­пен» де дайын­да­ды. Сырт ки­етін қысқы киімнің қадірлілерінің қата­рына аң және үй жа­ну­ар­ла­рының терілерінен тігілетін ішік жа­тады. Өте кең та­ралған және бәрінің қолы же­тетін қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қара­тып тігілген тон бол­ды. Қазақтар­дың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер бол­ды. Бар­лық жас­тағы ер­кектердің қыс­та ки­етін аяқ киімі ішінде киіз бай­пағы бар, ала­са да жал­пақ өкшелі, ұзын қоныш­ты сап­та­ма етік бол­ды. Ере­сек ер­кектердің бәрі ша­шын тықыр­лап ал­дырған, ба­сына тақия, те­бетей ки­етін. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да қазақтар­дың ең көп та­ралған қыс­тық бас киімі «ты­мақ» бол­ды.

Әйел­дердің көй­легі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жал­пақ қайыр­ма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Ке­уде тұсын­дағы өңір қақпағына кес­те төгілген. Қыз­дардың не­месе жас келіншек­тердің көй­лек­тері пішімі жөнінен де, ма­тасы жағынан да жа­сы үлкен әйел­дердің көй­лек­терінен өзге­ше болған. Ол етегі бүрме­леніп, түй­ме­ленетін қатыр­ма жағалы етіп тігілді. Жеңі жең ұшы­на қарай та­рыла берді. Әйел­дердің былғары­дан жа­сала­тын жал­пақ ке­мер белдіктері күміспен күптеліп, ал­тынмен ап­та­лып, қым­бат бағалы тас­тармен және түсті шы­нылар­мен мол әсем әше­кей­леніп отыр­ды. Бар­лық жас­тағы әйел­дердің аяқ киімі мәсі және кебіс бо­латын. Әйелдің жа­сына және оның от­ба­сын­дағы жағдайына қарай олар­дың бас киімдері де ерек­ше­леніп отыр­ды. Жаз кезінде қыз­дар түрлі-түсті мақпал­дан, жібек пен барқыт­тан тігілген, төбесі жай­пақ дөңге­лек те­бетей киіп жүрген, ол зер­кесте­мен әсем нақыш­та­латын еді. Бай нақыш­ты үкілі те­бетей — «қаса­ба» деп атал­ды. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – ки­мешек ақ мақта-ма­тадан дайын­далған.

Қазақ әде­би­еті. XIX ғасыр­да орыс ғалым­да­ры мен қазақ зи­ялы­лары­ның же­келе­ген өкілдері ақын­дар, су­ырып­салма жыр­шы­лар, жы­ра­улар ту­ралы мәлімет­тер жи­нап, тіпті олар шығарған әндер мен жыр­лардың мәтіндерін жа­зып ала бас­та­ды. Ақын­дар мен жыр­шы­лар­дың кейбіре­улері өз ту­ын­ды­ларын жа­зып отыр­ды. Со­ның арқасын­да олар­дың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақта­лып қалған. XIX ғасыр­дың ор­та­сынан бас­тап же­келе­ген ақын­дардың өлеңдері мен жыр­ла­ры жа­ри­яла­на бас­та­ды. Бұл же­келей по­эзиялық шығар­ма­шылықтың айқын көрініс тапқан және да­ми бас­таған дәуірі бол­ды.

XIX ғасыр­дың ба­сын­да өмір сүрген Шал, Көтеш, Жанкісі жы­ра­улар өз толғаула­рын­да әле­уметтік теңсіздікті, хан­дардың ха­лыққа жа­саған зор­лық-зом­бы­лығын әшке­реле­ген.

Ке­дей ор­та­дан шыққан Көтеш ақын (1745–1818) өмір бойы жоқшы­лық тауқыметін тарт­ты. Оның шығар­ма­шылығының бас­ты са­рыны – ке­дейдің азап­ты өмірін көрсе­ту, әділетсіздікті әшке­релеу.

Шал ақын­ның (1748–1819) шығар­ма­шылығы болған оқиғаға ақын­дық ша­быт­пен сол сәтте үн қосу­ымен си­пат­та­лады. Олар қазақ халқының та­рихын­дағы же­келе­ген оқиғалар­мен бай­ла­ныс­ты. Он­да ар­нау өлеңдер мен мысқыл өлеңдері көп. Шал шығар­ма­шылығының негізгі тақыры­бы – адам өмірі оның мәні, мо­раль, эти­ка, дін мәсе­лелері.

Му­зыка өнері. Қазақ халқының тұрмы­сы мен қоғам­дық өмірі және еңбек әре­кетімен біте қай­насқан ру­хани мәде­ни­етінің ете­не са­ласы му­зыка бол­ды. Дәстүрлі ор­ны­да­ушы­лық – же­ке ән са­лу мен ас­папты же­ке тар­ту кең та­раған, әнді қосы­лып ай­ту си­регірек; шығар­ма­лар­дың негізгі түрлері — ән мен күй. Жи­ыр­ма­дан аса әр түрлі му­зыка­лық ас­паптар болған, олар­дың бір са­рын­ды ғана ды­быс шығара­тын кейбіре­улері – шер­тер, жетіген, саз сыр­най, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, аса­таяқ және басқала­ры му­зыка өнерінің кәсіби та­лап­та­рына сай кел­мей, біртіндеп құри бер­ген. Ал ды­быс­тық са­пала­рын жетілдіру­ге ке­летін басқала­ры му­зыка­лық ас­паптар то­бын құра­ды. Олар: дом­бы­ра – ағаш­тан жа­салған, шертіп ой­на­латын екі ішекті ас­пап, ша­нағы со­пақша, кей­де жа­зық фор­ма­лы бо­лып ке­леді; қобыз не­месе қылқобыз – тос­тақ тәрізді то­лық ағаш ша­нақты және мойыны ішіне қарай иілген ыс­па­лы қос ішекті ас­пап; сы­бызғы – ағаш­тан, іші қуыс қамыс-қурай­дан не­месе ме­талл түтіктен жа­салған, 4–6 са­усақ ба­сар ойыңы бар ұзын­ша үрмелі ас­пап; да­уыл­паз – сыр­ты тері жарғақпен қап­талған ағаш­тан не­месе ме­тал­дан жа­салған кішке­не қазан түріндегі соқпа ас­пап.

XIX ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­дағы му­зыка өнері өткен за­ман­дар ту­ын­ды­лары­ның таңда­улы үлгілерін сақтау және олар­мен са­бақтас ха­лықтың күнделікті өмірімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты жаңа шығар­ма­лар жа­сау негізінде да­мыды. XIX ғасыр­дың му­зыка­лық мәде­ни­етінде 1836–1837 жыл­дардағы фе­ода­лизм мен отар­шылдыққа қар­сы Иса­тай Тай­ма­нов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыр­шы Ма­хам­бет Өтемісов бас­таған көтеріліс еле­улі із қал­дырды.



Шығар­ма­шылық жо­лын сол жыл­да­ры бас­таған бо­лашақ ха­лық ком­по­зито­ры Құрманғазы Сағыр­ба­ев (1806–1879) өзінің алғашқы шығар­ма­лары­ның бірі — «Кішкен­тай» күйін Иса­тай Тай­ма­нов көтерілісіне ар­на­ды. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде ха­лықтың отар­шылдық бұғауынан азат бо­луға де­ген те­ге­урінді тал­пы­нысын көрсетті. Одан ха­лық қайғысы­ның, жеңіліс күйінішінің үні естіледі. «Кішкен­тай» күйінің му­зыка­сы өзінің тебірен­тетін те­ге­урінді бей­нелілігімен, ком­по­зици­ясы­ның айқын­дығымен, көркемдік тех­ни­касы­ның күрделілігімен та­маша та­лант­тың өсіп ке­ле жатқанын көрсетті. Ол ха­лықтың қалың ор­та­сын­да өсті және қажыр­лы еңбегімен кейіннен ха­лықтың кәсіби му­зыка­лық мәде­ни­етінің клас­си­калық шыңына көтерілді.

55)Қазақ ғалымдары мен ағартушылар

Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты

Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады.

Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды

56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Бірінші дүние жүзілік соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты-басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.



Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері: 1.Жердіңтартыпалынуы(қоныстандырусаясаты); 2.Салықтарменалымдардыңкобеюі; 3.Еңбекшілердіүстемфеодал-байлартобыныңқанауыныңкүшеюі; 


4.Ұлттықараздықтыңөршітілуі; 
5.Соғысқабайланыстыбұқаражағдайыныңкүртнашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:1.Феодалдықбасшытоптар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері
 - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық
 зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1.Жетісуда –Т.Рысқулов,.Бокин,Б.Әшекеев,Ұ.Саурықов,К.Мәмбетов,А.Қосаков. 2.Төрғайда -Ә.Жангельдин,А.Иманов. 3.Орал облысымен БөкейОрдасында –С.МендешевӘ.Әйтиев. 4Маңғыстауда –Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.

Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.Салдары: . 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.



57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары

Қазақ зиялыларының атқарған қызметі және олардың көрнекті өкілдері

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.



«Айқап» жур­на­лы. 1911 жылғы 10 қаңтар­да Тро­ицкіде қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш «Айқап» ұлттық жур­на­лының бірінші нөмірі шықты. Ұйым­дасты­рушы және бас­па­гер, иде­ялық бас­шы­сы және ре­дак­то­ры М. Се­ралин (1872–1929) бұрын пе­дагогтік және жур­на­листік қыз­метпен ай­на­лысқан, сол кез­ге қарай белгілі ақын, әде­би­етші, қоғам қай­рат­кері болған

«Айқап» жур­на­лы 1911 жылғы қаңтар­дан 1915 жылғы қыркүйек­ке дейін әуелгіде айына бір рет, ал со­нан соң екі рет шығып тұрды. Бар­лығы 88 нөмірі шықты, та­ралы­мы 1000 да­наға дейін жетті. «Айқап» жур­на­лы ағар­ту ісі мен мәде­ни­еттің жар­шы­сы бол­ды.

М. Се­ралин «Айқап» бет­терінде мұсыл­мандар­дың қаси­етті кіта­бының мазмұнын ыңғай­лы, түсінікті ны­сан­да ба­ян­дауға ты­рысқын ав­торлар­дың мақала­ларын жа­ри­ялап отыр­ды. «Айқап» жур­на­лының қазақ фоль­кло­рын зерт­те­удегі, абай­та­нуды қалып­тасты­рудағы, орыс және дүни­ежүзілік клас­си­калық әде­би­етінің ру­хани мұра­сын на­сихат­та­уда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс­тың бас­та­луы жағдайын­да едәуір ши­еленіскен зор қар­жы қиын­дықта­ры, зи­ялы­лар­дың бір бөлігінің сол кез­ге қарай өзінің көркемдік то­лысқан­дығымен, қазақ әде­би тілін түле­туімен, стилінің сын­дарлы­лығымен және ең бас­ты­сы толғағы жет­кен жал­пыұлттық проб­ле­малар­ды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» га­зеті жағына шығуы 1915 жыл­дың та­мызын­да «Айқап» жур­на­лы шығуының тоқта­тылу­ына се­беп бол­ды.



«Қазақ» га­зеті. «Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.

«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.

Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

Га­зетті оның негізін қала­ушы­лар «Қазақ» деп ата­ды. Ха­лықтың өз атын қал­пы­на келтіріп, олар сол арқылы отар­шы­лар та­рапы­нан бұра­тана­ларға менсінбей қарауға қар­сы на­разы­лық білдірді, қазақтар ара­сына ұлтжан­ды­лық мақта­ныш және бірлік иде­ясын та­рат­ты

58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет