1. Қазақстан тарихы пәнінің оқыту нысаны не болып табылады?
Адамзаттың Қазақстан территориясында пайда болуы, қалыптасуы және дамуы.
Адамның тіршілік үшін күресі.
Қазақстан территориясында мемлекеттердің пайда болуы және жойылуы.
Қазақстан территориясындағы көші- қон және этникалық процесстер.
Саяси процесстер.
2. Қоғамның белгілі кезеңдерін немесе оның құрамдас процесстерін зерттейтін әдіс:
Кезеңдеу.
Тарихи.
Детерменизм.
Логикалық.
Тарихи модельдеу.
3. Археологиялық деректерге жататындар:
Қабірлер, тұрақтар, қалашықтар.
Діни салт-жоралғылар.
Саяхатшының күнделігі.
Мұрағаттану материалдары.
Аңыз, ертегі, өлең.
4. Этнографиялық деректерге жататындар:
Аңыз, шежіре, эпос.
Еңбек құралдары, қару-жарақ.
Әскери экспедицияның және саяхатшылардың күнделігі.
Партиялық сьездердің және Жоғарғы Кеңестің материалдары.
Аудио-видео материалдар.
5. Қай ғылым саласы тарихи білімнің даму тарихын және тарих ғылымындағы кейбір келіспеушілік мәселелердің шешудің негізгі жолдарын атап көрсетеді?
Тарихнама.
Деректану.
Археология.
Этнография.
Демография.
6. Антропогенез:
Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы.
Материалдық мәдениеттің прогресіне әкелетін өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы.
Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы.
Алғашқы қауымдық мәдениеттің түрі.
Өнердің түрі.
7. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінуіне негіз болған:
Тайпалардың мал шаруашылығына және егін шаруашылығына бөлінуі.
Көшпелі шаруашылықтың пайда болуы.
Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі.
Еңбектің ер адамдық және әйел адамдық деп бөлінуі.
Еңбектің физикалық және интеллектуалдық деп бөлінуі.
8. Физикалық жағынан андроновтықтар:
Европоидтар.
Монғолоидтар.
Негроидтар.
Европоидтар мен монғолоидтартардың аралас түрі.
Австроидтар болып саналады.
9. Андроновтық тасқа қашалған суреттердің ең көп шоғырланған жері:
Жетісу.
Орта Азия.
Батыс Қазақстан.
Орталық Қазақстан.
Солтүстік Қазақстан.
10. Андронов мәдениетінің тұрақтары мына қаланың маңынан табылды:
Ачинск.
Алматы.
Тараз.
Орынбор.
Атырау.
11. Қазіргі Қазақстанның қай бөлігін сақ-тиграхаудалар мекендеген?
Жетісу.
Орталық Қазақстан.
Батыс Қазақстан.
Шығыс Қазақстан.
Каспий маңы.
12. Сақтар Іле алқабына өте тығыз орналасты. Мұнда қандай қорымдар болды?
Бесшатыр, Есік, Түрген.
Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет.
Қарасай, Темір-Астау.
Тасмола, Ұйғарақ.
Шелекті, Дәндібай.
13. А.Македонскийдің сақ тайпасына жасаған алғашқы жорығы қай ғасыр?
б.э.д. IV ғ.
б.э.д. VII ғ.
б.э.д. VI ғ.
б.э.д. V ғ.
б.э.д. II ғ.
14. Б.з.б. IV-III ғ.ғ. Қытайдың солтүстік шекарасында қоныстанған тайпалық бірлестіктердің бірігу процесі жүрді. Оларды сюнку және дунху деп атады. Бұл тайпалардың кейінгі атауы:
Ғұндар.
Қаңылылар.
Дайлар.
Дахилар.
Үйсіндер.
15. Қай тайпаның көшуі «Ұлы қоныс аударудың» басы болды?
ғұндар.
сақтар.
андроновтықтар.
түріктер.
наймандар.
16. Қазіргі Қазақстанның қай бөлігінде массагеттер тайпасы қоныстанды?
Арал және Каспий теңіздері даласында.
Жетісу.
Орталық Қазақстан.
Шығыс Қазақстан.
Оңтүстік Қазақстан.
17. Басқа көшпелі тайпаларға қарағанда әйелдердің қоғамдағы рөлі жоғары болған тайпалар:
Сарматтар.
Ғұндар.
Қаңлылар.
Исседондар.
Үйсіндер
18. Б.з.б. 209 ж. билікке келген ғұндардың атақты билеушісі:
Мөде.
Чжи-Чжи.
Атилла.
Иштеми.
Білге.
19. Қаңлылардың жазба деректердегі астанасы:
Битянь.
Көкмардан.
Мардан-Күшік.
Чигучен.
Қызыл Аңғар.
20. Қытай деректерінде ғұндардың жоғарғы билеушісі:
Шаньюи.
Гуньмо.
Патша.
Каған.
Хан.
21. Сауда жағдайына байланысты Иран мен Византияға елшіліктер жіберіп, келіссөз жүргізген түрік қағаны:
Иштеми.
Қара Еске.
Мұқан қаған.
Бумын.
Елтеріс.
22. VІ ғасырдың ортасында Түрік қағанаты жаулап алған эфталиттердің өмір сүрген жері:
Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістан аралығы
Солтүстік Иран мен Тохаристан.
Оңтүстік Кавказ бен Арал аралығы.
Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігі.
Өзбекстан мен Тәжікстан аралығы.
23. Түрік қолбасшысына қытай елшісі келген мерзім:
545 ж.
542 ж.
552 ж.
568 ж.
572 ж.
24. Түрік әлемінің бесігі болып саналған өңір:
Алтай.
Сарыарқа.
Мұғаджар.
Жетісу.
Түркістан.
25. Әл-Идриси «Худуд әл Аламда»: «Оларда 25 қала бар. Қаған қаласының халқы көп, әскері мол» деп кімдер туралы жазды?
Қарлұқтар.
Қыпшақтар.
Оғыздар.
Түріктер.
Қимақтар.
26. Білге Күл Қадыр ханның екі баласы Базар Арслан мен Оғұлшақтың тарихи ролі:
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресін басқарды.
Ислам дінін алғаш қабылдады.
Қарлұқ мемлекетін құрды.
Саманилерді талқандай алды.
Арабтарға ғазауат соғысын жариялады.
27. ХІІ ғасырда «Қарлұқтар тоғыз тайпадан тұрады, олардың құрамына бескіл, бұлақ, жікіл кіреді» деп жазған:
Әл-Марвази.
Сюань Цзянь.
Худуд-әл Алам.
Күлтегін.
Әл-Идриси.
28. Оғыз мемлекеті өмір сүруін тоқтатты:
ХІ ғ. ортасында.
VІІІ ғасырда.
ІХ ғасырда.
ХІ ғ. басында.
VІІғ. басында.
29. Оғыз қағанатының титулдарының қатарына жатпайтынын көрсетіңіз:
Шад түтік.
Жабғу.
Сюбашы.
Атабек.
Инал.
30. Оғыздар 965 ж. Киев Русі князі Святославпен бірге Хазарларды, 985 жылы .... талқандады:
Еділ бұлғарларын.
Печенегтерді.
Селжұқтарды.
Хорезмді.
Ұйғырларды.
31. Түркілердің этногенезінің (шығу тегінің) қоғамдық белгісін анықтаңдар:
Түркі тілдес халықтардың Шығыстан Батысқа қарай ағылуы және түркілердің ерте феодалдық мемлекеттерінің қалыптасуы.
Оғыздардың, қыпшақтардың, қимақтардың өзіндік дамуы.
Иран мәдениетінің ықпалы.
Араб мәдениетінің ықпалы.
Славян мәдениетінің ықпалы.
32. Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен әскер қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Ол қалай аталды?
Икта.
Сойырғал.
Вакф.
Зекет.
Тағар.
33. XI ғ. қай тайпа оғыз мемлекетін ыдырауға мәжбүр етті?
селжұқтар.
қыпшақтар.
қарлұқтар.
сарматтар.
ғұндар.
34. Көрші тайпаларға шапқыншылықтары кезінде түркілер қандай басты мақсатты көздеді?
Өздерінің жерлерін кеңейту.
Малды жаулап алу.
Құлдарды жаулап алу.
Салық жинау.
Елді-мекендер мен халықты жою.
35. Қыпшақ мемлекетінің бірлестігі ненің нәтижесінде құлады?
Моңғол шапқыншылығы.
Оғыздар шапқыншылығы.
Ішкі талас-тартыс.
Хорезм шапқыншылығы.
Қимақтар шапқыншылығы нәтижесінде құлады.
36. Қыпшақтардың байлығының негізгі көрсеткіші:
Жылқы саны.
жердің көлемі.
Жайылым аумағы.
Ұсақ мал басының саны.
Құл саны.
37. Қай жылы Қарахан мемлекеті ислам дінін өзінің мемлекеттік діні ретінде жариялады?
960 ж.
1036 ж.
1212 ж.
930 ж.
840 ж.
38. Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі кімдердің шапқыншылығының салдарынан тоқтатылды?
Моңғол шапқыншылығы.
Жоңғарлар шапқыншылығы.
Әмір Темір шапқыншылығы.
Өзара соғыстар.
Араб шапқыншылығы.
39. Дешті-Қыпшақ мына аумақтарды алып жатты:
Ертістен Днестрге дейін.
Тынық мұхиттан Дунайға дейін.
Балқаштан Шығыс Еуропаға дейін.
Аралдан Днепрге дейін.
Оралдан Еділге дейін.
40. Ежелгі түркі жазуы қалай аталды?
Руникалық.
Сақтық.
Соғдылық.
Санскриттік.
Иероглифтік
41. XIV ғ. ортасында Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Батыс бөлігі – Мәуереннахр деп аталды, ал шығыс бөлігі қандай атауға ие болды?
Моғолстан.
Ноғай Ордасы.
Ақ Орда.
Хайду мемлекеті.
Әбілхайыр мемлекеті.
42. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі:
Ноғай Ордасы.
Моғолстан.
Сібір хандығы.
Хайду мемлекеті.
Әбілхайыр мемлекеті.
43. Қарақорымда монғол ақсүйектерінің Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдаған құрылтай жиналысы қай жылы өтті?
1235 жылы.
1245 жылы.
1260 жылы.
1255 жылы.
1242 жылы.
44. 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берген қолбасшы:
Едіге
Нұраддин
Мұса мырза
Уақас би
Жаңбыршы
45. Қай ханның тұсынан бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз,- деп есептеп Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен байланыс жасады?
Берке
Өзбек
Мөңке-Темір
Жәнібек
Тоқа-Темір
46. Әбілхайыр ханның ел билеген жылдары:
1428-1468 ж.ж.
1432-1462 ж.ж.
1416-1446 ж.ж.
1430-1470 ж.ж.
1462-1468 ж.ж.
47. Шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатқан мемлекет:
Ақ Орда.
Моғолстан.
Әбілқайыр хандығы.
Ноғай ордасы.
Хайду мемлекеті
48. Шыңғыс ханды моңғол басшысы етіп сайлаған құрылтай қай жылы өтті?
1206 ж..
1204 ж..
1209 ж..
1210 ж..
1211 ж.
49. Әмір-Темірдің ел билеген жылдары:
1370-1405 ж.ж.
1395-1420 ж.ж.
1370-1409 ж.ж.
1370-1395 ж.ж.
1340-1346 ж.ж.
50. Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қай жылдары кірді?
1219-1224 ж.ж.
1220-1234 ж.ж.
1224-1225 ж.ж.
1218-1222 ж.ж.
1225-1227 ж.ж.
51. Қазақ хандығының негізін салушы:
Жәнібек, Керей.
Әбілқайыр, Барақ.
Есен-Бұға, Махмут.
Қасым, Бұрындық.
Абылай, Тәуке.
52. Біртұтас қазақ халқының қалыптасуының алғы шарты және оның мемлекеттігін моңғол ұлыстары Дешті-Қыпшақтағы және Орта Азиядағы (Мауреннахр) Шыңғыс ұрпақтарының иеліктерінің ыдырауымен түсіндіріледі. Ал оның қалыптасуының аяқталуы қай мемлекеттің құрылуымен байланысты?
Қазақ хандығы.
Ақ Орда.
Моғолстан.
Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті).
Ноғай Ордасы.
53. ХҮІІ ғ. 80 жылдарында Қазақ хандығының алдында тұрған басты мақсат:
Сырдария бойы қалаларын қосып алу.
Елдің шығыс шекарасын Ертіске жеткізу.
Орыс патшалығының шабуылына тойтарыс беру.
Ішкі талас-тартысты жою.
Жайық бойы бекіністерін жаулап алу.
54. XV ғ. аяғында Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
Жетісу.
Шығыс Дешті-Қыпшақ.
Шығыс Түркістан.
Арал маңы.
Мауереннахр.
55. Қай ханның тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды?
Есім хан.
Тахир хан.
Қасым хан.
Шығай хан.
Бұрындық хан.
56. «Тарихи-Рашиди» еңбегінің авторы кім?
М.Хайдар-Дулати.
Ж.Баласағұн.
М.Қашғар.
Ибн Рузбихан.
Ахмед Яссауи.
57. Қазақ хандығы XVI ғ. басында қай ханның тұсында күшейді?
Қасым хан.
Бұрындық хан.
Керей хан.
Жәнібек хан.
Тогум хан.
58. Хақназар билік еткен кезде Жетісу мен Ыстықкөл аймағын басып алу мақсатымен Қазақ хандығына қарсы соғыс ашқан Моғолстан ханы:
Абд ар-Рашид.
Сайд хан.
Жүніс хан.
Абдаллах.
Ахмед хан.
59. Сібір ханы Көшімге қарсы тұру үшін Хақназар кіммен одақтасты?
Өзбек ханы Абдоллахпен.
Моғол ханы Саид сұлтанмен.
Хонтайжы Бошақтумен.
Ірі феодал Баба-сұлтанмен.
Орыс патшасы Иван Грозныймен.
60. Қазақтың қай ханы тұсында XVII ғ. алғашқы төртінші бөлігінде Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аудандар, орта Сырдария ағысындағы қалалар үшін күрес аяқталып, Ташкент 200 жылға Қазақ хандығының құрамына кіреді?
Есім хан (Шығай хан баласы).
Хақназар хан.
Шығай хан (Жәнібек ұрпағы).
Тәуекел хан (Шығай хан баласы).
Тәуке хан.
61. 1680-1718 ж.ж. қазақ ханы:
Тәуке хан.
А) Жәңгір хан.
Қасым хан.
Әбілқайыр хан.
Хақназар хан.
62. Қазақ тарихының қай кезеңін «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары деп атайды?
1723-1727 ж.ж.
1716-1720 ж.ж.
1731-1734 ж.ж.
1741-1744 ж.ж.
1755-1758 ж.ж.
63. 1726 ж. Ордабасыдағы қазақ жүздерінің құрылтайында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып кім сайланды?
Кіші жүз ханы Әбілхайыр.
Орта жүз ханы Абылай.
Ұлы жүз ханы Жолбарыс.
Райымбек батыр.
Қабанбай батыр.
64. Ресей қазақ даласында өзінің әскери-саяси ықпалын қалай жүргізді?
Қалалар мен бекініс шептерін салу.
Тауар айналымын күшейту.
Өзінің шенеуніктік аппаратын орнату.
Қазақ аристократия өкідерін паралау.
Билер мен батырларды паралау.
65. Қазақстан аумағында Семей бекінісі қай жылы салынды?
1718 ж.
1716 ж.
1717 ж.
1719 ж.
1720 ж.
66. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы:
1731 ж.
1711 ж.
1721 ж.
1741 ж.
1751 ж.
67. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей бодандығын қай жылы қабылдады?
1740 ж.
1731 ж.
1741 ж.
1846 ж.
1757 ж.
68. Қазақтың қай ханы орыс бодандығын сақтай отырып, қытай бодандығын қабылдайды және соған қарамастан тәуелсіз болып қалады?
Абылай.
Әбілхайыр.
Әбілмамбет.
Жолбарыс.
Сәмеке.
69. Жоңғар хандығы қай жылдары талқандалды?
XVIII ғ. 50-жылдары.
А) XVIII ғ. 40-жылдары.
В) XVIII ғ. 20-жылдары.
С) XVIII ғ. 30-жылдары.
XVIII ғ. 60-жылдары.
70. «Шаңды жорық» (Қалмақтардың көшуі) қай жылы болды?
1771 ж.
1725 ж.
1654 ж.
1789 ж.
1752 ж.
71. Орта жүздегі хандық билік қандай заң актісімен жойылды?
«Сібір қырғыздары туралы устав».
Игельстром реформасы.
«Орынбор қырғыздары туралы устав».
«Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже».
«Дала өлкесін басқару туралы ереже».
72. Кіші жүздегі хандық билікті жойған заң:
1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы устав».
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы устав».
1867 ж. «Уақытша ереже».
1891 ж. «Ереже».
Кіші жүздегі хандық билік 1917 ж. қазан төңкерісіне дейін сақталды.
73. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы» уставтың авторы кім?
М.Сперанский.
О.Игельстром.
И.Неплюев.
П.Эссен.
М.Столыпин.
74. Бөкей Ордасы қай жерде құрылды?
Еділ мен Жайық арасында.
Каспий маңында.
Әмудария мен Сырдария арасында.
Жетісуда.
Торғай даласында.
75. Кіші жүздің соңғы ханы:
Шерғазы.
Ералы.
Есім.
Арынғазы.
Айшуақ.
76. ХІХ ғ. Қазақстан аумағы қай реформа бойынша Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді?
1867-1868 ж.ж. «Басқару туралы уақытша ереже».
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы устав».
1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы устав».
1886-1891 ж.ж. «Басқару туралы ереже».
Игельстром реформасы.
77. Ішкі Ордада хан билігі қай жылға дейін сақталынды?
1845 жылға.
1801 жылға.
1822 жылға.
1867 жылға.
1868 жылға.
78. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аударуға мәжбүр еткен жағдайлар:
Цин империясының тарапынан болған тықсырулардың салдарынан қоныстанды.
Олар патша үкіметінің арнайы шақыртуы бойынша келіп қоныстанды.
Жоңғарлардың тықсыруы.
Қырғыздардың тықсыруы.
Қоқан билеушілерінің тықсыруынан қашты.
79. 1886-1891 ж.ж. Ережелерге сәйкес Қазақстан құрылымында қандай өзгерістер болды?
Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары құрылды.
Кіші жүзде хандық билік жойылды.
Орта жүзде хандық билік жойылды.
Түркістан, Орынбор, Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды.
Жүздердегі хандық билік қалпына келтірілді.
80. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлығының үш облысының басқармасы орналасқан қаланы атаңыз:
Омбы.
А) Торғай.
В) Ақмола.
С) Семей.
Е) Орынбор.
81. XVIII ғ. Абылай ханды мадақтап жырлаған қазақ жырауы:
Бұқар жырау.
Доспамбет жырау.
Шалкиіз жырау.
Қазтуған жырау.
Сыпыра жырау.
82. Ш.Уәлихановты дүние жүзіне әйгілі еткен еңбегі:
«Алтыншар жағдайы немесе Қытайдың Нан Лу (Кіші Бұқария) провинциясының алты қаласы туралы».
«Қытай империясының батыс провинциялары және Құлжа қаласы».
«Ыстықкөл сапарының күнделігі».
«Қырғыздар туралы жазбалар».
«Қазақ өлкесіндегі мұсылмандық туралы».
83. Қазақстанның жазба әдебиетінің негізін қалаушы:
А.Құнанбаев.
А.Байтұрсынов.
Бұхар жырау.
Ы.Алтынсарин.
Ш.Құдайбердиев.
84. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының үйлену және құда түсу дәстүрлерінің очеркі» еңбегінің авторы кім?
Ы.Алтынсарин.
С.Торайғыров.
Ш.Уәлиханов.
Ш.Құдайбердиев.
А.Құнанбаев
85. ХІХ ғ. 2-жартысында қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ сазгері:
Құрманғазы.
Даулеткерей.
Тәттімбет.
Сармалай.
Біржан сал.
86. Қай жылы К Қасымов қазақтың ұлы ханы болып сайланды?
1841 ж..
1836 ж..
1846 ж..
1847 ж..
Қазақстан тарихында мұндай жағдай болған жоқ.
87. Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған көтерілістің хронологиялық шеңбері:
1783-1797 ж.ж.
1777-1797 ж.ж.
1787-1800 ж.ж.
1836-1838 ж.ж.
1837-1847 ж.ж.
88. ХІХ ғ. 1-жартысындағы қай көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтыды?
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс.
С.Датұлы бастаған көтеріліс.
Исатай-Маханбет бастаған көтеріліс.
Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс.
Ж.Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс.
89. Манғыстаудағы Иса-Досан бастаған көтеріліс қай жылы болды?
1870 ж..
1869 ж..
1844 ж..
1837 ж..
1868 ж.
90. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін кімдер басқарды?
Досан Тәжұлы мен Иса Тіленбайұлы.
Беркін Оспанұлы мен Сейіл Түркебайұлы.
Есет Көтібарұлы.
Ханғали Арсланұлы мен Мұңайтпасұлы.
Амангелді Иманұлы мен Әліби Жанкелдин.
91. Қазан төңкерісі қашан болды?
1917 жылы 25 қазан (7 қараша).
1917 жылы 24 қазан (6 қараша).
1917 жылы 23 қазан (5 қараша).
1917 жылы 22 қазан (4 қараша).
1917 жылы 21 қазан (3 қараша).
92. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы бағдарлама жобасын «Алаш» партиясы қай басылымда жариялады?
«Қазақ» газеті.
«Айқап» журналы.
«Искра» газеті.
«Социалистік Қазақстан» газеті.
«Жұлдыз» журналы.
93. Автономиялық Түркістан Уақытша үкіметінің алғашқы төрағасы:
М.Тынышбаев.
М.Шоқай.
А.Байтұрсынов.
Ә.Бөкейханов.
Б.Қаратаев.
94. Түркістан автономиясы қашан құрылды?
1917 ж. 26-29 қарашада.
1916 ж. 20-24 қазанда.
1918 ж. 12-14 ақпанда.
1921 ж. 13-16 қазанда.
1924 ж. 22-24 шілдеде.
95. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы неше тараудан тұрды?
Он.
Жеті.
Он бір.
Он бес.
Жиырма.
96. Кеңес өкіметі негізінен ....... Қазақстанның қалалары мен ірі елді-мекендерінде (Орал мен оның кейбір айналасындағы елді-мекендерден басқа) орнатылды.
1917 жылғы қазанның аяғынан 1918 жылғы наурызға дейін.
1917 жылдың соңына дейін.
1918 жылдың соңына дейін.
1917 жылғы қазанның аяғынан 1918 жылдың соңына дейін.
1922 жылдың соңына дейін.
97. ХХ ғ. басында қай баспасөз органы Қазақстан халқы арасында ағарту және білім беру идеяларын уағыздады?
«Айқап».
«Сібір өмірі».
«Сібір телеграфы».
«Сары-Арқа».
«Облыстық ведомстволар».
98. «Қазақ» газетінің редакторы кім?
Ж.Аймауытов.
А.Байтұрсынов.
М.Сералин.
М.Дулатов.
Ә.Бөкейханов.
99. А.Бөкейханов ІІ Мемлекеттік Думаның қай фракциясының құрамына кірді?
Кадет.
Дала фракциясы.
Мұсылман.
Социал-демократиялық.
Большевиктік.
100. І бүкіл қазақ съезі қай жылы болды?
1917 ж. шілде.
1917 ж. мамыр.
1917 ж. наурыз.
1917 ж. қыркүйек.
1917 ж. қараша.
101. Қазақстан қай жылы индустрияландыру бағытына көшті?
1925 ж.
1927 ж.
1930 ж.
1931 ж.
1933ж.
102. Қазақстандағы индустрализацияның алғашқы нысанын көрсетіңіз:
«Түрксіб» темір жолы.
Балқаш мыс комбинаты.
Шымкент қорғасын зауыты.
Зырянов полиметалл комбинаты.
Ащысай кен орны.
103. Қазақстанда өнеркәсіп қай бағытта дамыды?
Негізінен шикізат өндіру.
Дайын өнім өндіру.
Машина жасау.
Тек қана азық-түлік өнімдерін өндіру.
Өнеркәсіп дамыған жоқ.
104. «Кіші Қазан» идеясының авторы кім?
Ф.Голощекин
И.Сталин
С.Сәдуақасов
Н.Бухарин
О.Жандосов
105. 1927 жылы желтоқсанда құрылған «ірі бай шаруашылығын тәркілеу» жөніндегі заң жобасын әзірлеген комиссия құрамы:
Е.Ерназаров, О.Исаев, Н.Нұрмақов, Г.Тоғжанов, О.Жандосов.
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев.
Ә.Жангелдин, А.Иманов.
Т.Бокин, Б.Қаратаев, М.Тынышбаев.
Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин.
106. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, 1927 – 1929 ж.ж. жұмыстан босатылған қазақ қайраткері:
Ж.Мыңбаев.
С.Сәдуақасов.
Ж.Сұлтанбеков.
Е.Ерназаров.
О.Исаев.
107. 1927 жылы желтоқсанда өткен Компартияның XV съезі ....... бағытын жариялады.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Жаңа Экономикалық Саясат
Индустрияландыру саясаты
Мәдени революция
«Әскери коммунизм»
108. Қазақстандағы ұжымдастыру қалай жүргізілді?
Күшпен жүргізілді.
Жергілікті билік шешімі бойынша.
Референдум бойынша.
Шаруашылық шешімі бойынша
Демократиялық жолмен.
109. 1933 ж. наурызында ұжымдастыру нәтижесінде пайда болған апаттың көлемі туралы Сталинге хат жазған Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері кім?
Т.Рысқұлов.
С.Сәдуақасов
Ы.Құрамысов.
Е.Алтынбеков.
К.Қуанышов.
110. Қазақ педагогикалық институты қай жылы ашылды?
1928 жылы.
1934 жылы.
1930 жылы.
1929 жылы.
1935 жылы.
111. Қазақ мемлекеттік университеті қашан құрылды?
1934 жылы.
1928 жылы.
1932 жылы.
1925 жылы.
1936 жылы.
112. Қашан қазақ жазуы араб графикасынан латын әліппесіне ауысты?
1940 жылы.
1931 жылы.
1933 жылы.
1939 жылы.
1929 жылы.
113. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
1941 жылы 22 маусымда.
1941 жылы 20 маусымда.
1941 жылы 21 маусымда.
1941 жылы 22 мамырда.
1941 жылы 22 шілдеде.
114. Генерал-майор И.В.Панфилов Мәскеу түбінде қандай әскери бөлімді басқарды?
316-шы атқыштар дивизиясын.
8-ші гвардияшылар дивизиясын.
238-ші атқыштар дивизиясын.
30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясын.
73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясын.
115. Ә.Молдағұлова майданда кім болды?
Мерген.
Барлаушы.
Пулеметші.
Байланысшы.
Медбике.
116. 1941 жылы жазылған «Ленинградтық өренім» жырының авторы:
Ж.Жабаев.
С.Мұқанов.
С.Сейфуллин.
М.Дулатов.
С.Торайғыров.
117. Ұлы Отан соғысы жылдарында ең бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық:
К.А.Семенченко.
Т.Тоқтаров.
М.Ғабдуллин.
Р.Амангелдиев.
В.Клочков.
118. Ұлы Отан соғысы жылдары ерлігімен көзге түскен атақты партизан:
Қ.Қайсенов.
Н.Әбдіров.
Р.Елебаев.
Р.Қошқарбаев.
М.Ғабдуллин.
119. Қай шайқас барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты?
Сталинград шайқасы.
Курск шайқасы.
Ленинград шайқасы.
Москва түбіндегі шайқас.
Днепр шайқасы.
120. Берлинде Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры:
Р.Қошқарбаев.
Б.Момышұлы.
М.Ғабдулин.
Қ.Қайсенов.
А.Шәріпов.
121.Қазақстан Компартиясы ОК-ң 1986 жылғы 16 желтоқсан күнгі пленумы неше минутқа созылды?
18.
25.
10.
15.
30.
122. Қазақстан Компартиясының 1986 ж. желтоқсандағы Пленумында қандай мәселе қаралды?
Республика басшысын ауыстыру.
Келесі жылдың мемлекеттік бюджеті.
Білім және денсаулық саласына қаржы бөлу.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы.
Мал шаруашылығы жағдайы.
123. Алматыдағы 1986 ж. 17-18 желтоқсандағы оқиға қандай сипатта болды?
Саяси.
Демократиялық.
Ұлттық.
Ұлт-азаттық.
Әлеуметтік.
124. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген:
Қ.Рысқұлбеков.
С.Мұхамеджанова.
Л.Асанова.
К.Асанов.
Е.Сыпатаев.
125. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы баскөтеруі КОКП ОК-ң қаулысымен қалай бағаланды?
Қазақ ұлтшылдығы.
Бейбіт шеру.
Вандализм.
Әскери арандату.
Демократиялық бойкөтеру.
126. КСРО халық депутаттарының І съезінде (1989 жылғы мамыр-маусым) Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап еткен дарынды ақын, қоғам қайраткері:
М.Шаханов.
Т.Молдағалиев.
Қ.Мырзалиев.
М.Қозыбаев.
С.Зиманов.
127. ТМД-ның құрылуы қайда және қашан жарияланды?
1991 ж. желтоқсан, Алматыда.
1991 ж. желтоқсан, Минскіде.
1991 ж. желтоқсан, Ашхабадта.
1992 ж. қаңтар, Мәскеуде.
1992 ж. ақпан, Ташкентте.
128. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қай жылдары Қазақстанды басқарды?
1960 ж. қаңтар-1986 ж. желтоқсан.
1972 ж. мамыр-1985 ж. қаңтар.
1969 ж. ақпан-1987 ж. қыркүйек.
1963 ж. маусым-1981 ж. қазан.
1965 ж. мамыр-1986 ж. қараша.
129. КСРО-ның өмір сүрген жылдары:
1922-1991 ж.ж.
1917-1991 ж.ж.
1922-1986 ж.ж.
1920-1990 ж.ж.
1922-1989 ж.ж.
130. Алматыдағы 1986 ж. желтоқсан оқиғасына не себеп болды?
КПСС ОК-нің Г.Колбинді Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы етіп тағайындауы.
Қазақстанда қайта құрудың жай қарқынмен жүруіне наразылық.
Жастардың өздерінің тұрғылықты жағдайына наразылығы.
Бағаның өсуі.
КПСС ОК-нің қазақ халқының арасында ұлтшылдық кең тараған деп жариялауы.
131. 1990 жылғы Қазақ КСР-індегі елеулі оқиға:
Президенттік басқарудың енгізілуі.
Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы.
Конституцияның қабылдануы.
Жаңа шекараның белгіленуі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.
132. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қашан қабылданды?
1991 ж. 16 желтоқсанда.
1990 ж. 1 желтоқсанда.
1993 ж. 29 қаңтарда.
1990 ж. 25 қазанда.
1992 ж. 7 мамырда.
133. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қашан құрылды?
1992 ж. 7 мамырда.
1992 ж. 4 маусымда.
1993 ж. 29 қаңтарда.
1990 ж. 25 қазанда.
1989 ж. 22 қыркүйекте.
134. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 16 мамырдағы Жарлығы Қазақстан Республикасының шетелдегі тұңғыш Елшілігін ашу туралы болды. Бұл қай мемлекет еді?
Түркия.
АҚШ.
Германия.
Франция.
Канада.
135. Қазақстандағы экономиканы реформалаудың алғашқы кезеңі:
1991 – 1993 жылдар аралығы.
1995 – 1997 жылдар аралығы.
1985 – 1989 жылдар аралығы.
2000 – 2005 жылдар аралығы.
2010 – 2015 жылдар аралығы.
136. Ұлттық валюта – теңге қашан қабылданды?
1993 ж. 15 қарашада.
1995 ж. 20 қарашада.
1998 ж. 15 қаңтарда.
1992 ж. 4 маусымда.
1992 ж. 7 мамырда.
137. Республика экономикасы жекеменшікке өтуді неден бастады?
Шағын жекешелендіруден.
Жаппай жекешелендіруден.
Аралас жекешелендіруден.
Ауыл шаруашылығына қайта қаражат бөлуден.
Кеңшарларды (совхоз) сақтап қалудан.
138. Республикада жинақтаушы зейнетақы қорлары қашан құрылды?
1998 ж.
1999 ж.
2005 ж.
2010 ж.
2015 ж.
139. 1995 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның ақша-несие саясатының құралдары дамыған елдер үшін дәстүрге айналған тағы бір шарамен – ашық нарықтағы операциялармен толықты, бұл мақсаттар үшін арнаулы бағалы қағаздар шығарыла бастады. Ол қалай аталды?
Ұлттық Банктің ноталары.
Акциялар.
Вексельдер.
Талондар.
Купондар.
140. Ұлттық валютаны нығайту қандай саясат арқылы орайластырылды?
Қатал ақша-несие саясатын жүргізу.
Еркін несие беруден.
Табыс салығы еркіндігінен.
Әлеуметтік қамтамасыздандыруға қаражат бөлуден.
Сырттан қарыз алудан.
141. Елімізде қазіргі таңда шамамен қанша конфессия өмір сүруде?
46
20
15
10
35
142. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған І съезі 2003 жылы қай қалада өтті?
Астанада.
Алматыда.
Ақтауда.
Оралда.
Семейде.
143.1996 жылы жасақталып, Ұлытаудан Үстіртке дейін жүріп өткен экспедицияның сипаты:
Тарихи-этнографиялық.
Ғылыми-ізденушілік.
Туристік.
Лингвистикалық.
Жаратылыстанушылық.
144. Қазақ тарихы мен мемлекеттілігінің бастау көздері туралы баға жетпес ақпараттан тұратын Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі Астанаға қашан әкелінді?
2001 жылғы маусымда.
2002 жылғы маусымда.
2004 жылғы маусымда.
2006 жылғы маусымда.
2008 жылғы маусымда.
145. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жұмысы қай жылы басталды?
2004 ж.
2006 ж.
2008 ж.
2010 ж.
2012 ж.
146. Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бірегей жәдігері:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Сарайшық қаласы.
Алтын адам.
Арыстан баб кесенесі.
Орхон-Енисей жазулары.
147. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1999 жылы шыққан ....... атты кітабында баяндап берді.
«Тарих толқынында».
«Ғасырлар тоғысында.
«Сындарлы он жыл.
«Еуразия жүрегінде».
«Жүз жылға татитын он жыл».
148. 2015 жылы 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында қандай тарихи шара атап өтілді?
Қазақ хандығының 550 жылдығы.
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
Мәдениетті қолдау жылы.
«Жаңа Ұлы Жібек Жолы» жобасының іске қосылуы.
149. Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығымен Астанадағы Саммитінің өткізілуі қай жылы болды?
2010 жылы.
2011 жылы.
2009 жылы.
2008 жылы.
2013 жылы.
150. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе:
Ұлттық тәрбие.
Сыртқы байланыстар.
Саяси мәселе.
Әлеуметтік мәселе.
Экономикалық тәуелсіздік.
151. Қазақстан қай ғасырда Түрік қағанатына бағынды?
VI ғ.
І ғ. басы.
ІV ортасы.
ІІІ ғ.
V ғ.
152. 542 ж. «түрік» сөзі алғаш қандай жазба деректерде кездеседі?
Қытай.
Парсы.
Грек.
Үнді.
Моңғол.
153. Түрік қағанатының Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі қай жылы аяқталды?
603 ж..
505 ж..
604 ж..
708 ж..
504 ж.
154. VII ғ. Батыс түрік қағанаты қай қағанның тұсында күшейді?
Джегуй қаған.
Мұқан қаған.
Бумын қаған.
Тон-жағбу қаған.
Үш Елік қаған.
155. 704 ж. Жетісуда қай түрік тайпасы саяси үстемдікке ие болды?
Түргеш.
Қарлұқ.
Ғұндар.
Қаңлы.
Үйсін.
156. Арабтарға қарсы соғысқан түргеш тайпасының көсемдері қалай аталады?
Үш Елік.
Тон-жабғу.
Бумын.
Мұқан.
Жегуй.
157. Оғыз мемлекеті қай елдің көмегімен 965 жылы Хазар қағанатын, ал 985 жылы Еділ Бұлғарларын жеңді?
Киев Русі.
Қарлұқ қағанаты.
Қытай.
Мауереннахр.
Түргеш қағанаты.
158. Қимақ қағанатының күйреуі:
XI ғасырдың басы.
X ғасырдың аяғы.
XII ғасыр.
980 жылы.
976 жылы.
159. X ғ. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала?
Янгикент.
Сығанақ.
Сауран.
Яссы.
Баласағұн.
160. 561 – 563 ж.ж. антиэфталиттік одаққа түркілер кімдермен келісті?
Иранмен.
Византиямен.
Қытаймен.
Урартумен.
Риммен.
161. Қарлұқ қағанатының жойылуы:
940 ж.
870 ж.
942 ж.
944 ж.
890 ж.
162. Қимақтар Қазақстанның қай жерінде орналасты?
Солтүстік Қазақстан.
Оңтүстік Қазақстан.
Шығыс Қазақстан.
Батыс Қазақстан.
Жетісу.
163. Оғыздар мемлекеті туралы алғаш кімнің еңбегінде айтылады?
Әл-Якубидің.
Әл-Фарабидің.
Яссауидің.
Қашғаридың.
Әл-Факихтың.
164. 1007 ж. найман мен керейттер қай дінді қабылдады?
христиандық.
манихейлік.
буддизм.
ислам.
иудаизм.
165. Қарахан әулетінің басшысы:
Сатұқ Боғра хан.
Үш Елік қаған.
Кутейба ибн Муслим.
Сақал қаған.
Сулық қаған.
166. Қарахан әулетінің билігі қай жылы қарақытайларға ауысты?
1141 жылы.
1130 жылы.
1150 жылы.
1151 жылы.
1125 жылы.
167. Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен әскер қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Ол қалай аталды?
Икта.
Сойырғал.
Вакф.
Зекет.
Тағар.
168. Қарақытай мемлекеті қай жерде орналасқан?
Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Түркістан.
Жайық пен Еділ өзендерінің арасы.
Еділдің төменгі ағысы, Арал маңы.
Үстірт, Маңғыстау.
Сібірдің бір бөлігі, Жайықтың төменгі ағысы.
169. VIII–X ғ.ғ. қыпшақтар қай мемлекеттің құрамында болды?
Қимақ мемлекеті.
Қарахан мемлекеті.
Саманилер мемлекеті.
Оғыз мемлекеті.
Қарлұқ мемлекеті.
170. XIII ғ. Жетісудан қарақытайларды ығыстырған тайпа:
наймандар.
қидандар.
керейіттер.
меркіттер.
қыпшақтар.
171. Қыпшақтардың орыс жазбаларындағы атауы:
половец.
ойрат.
хазар.
печенег.
түріктер.
172. Қай жылы Қарахан мемлекеті исламды өзінің мемлекеттік діні ретінде жариялады?
960 ж.
1036 ж.
1212 ж.
930 ж.
840 ж.
173. Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі кімдердің шапқыншылығының салдарынан тоқтатылды?
Моңғолдар шапқыншылығы.
Жоңғарлар шапқыншылығы.
Әмір Темір шапқыншылығы.
Өзара соғыстар.
Араб шапқыншылығы.
174. Х – ХІІ ғ.ғ. наймандардың мемлекеті қайда орналасты?
Ертіс пен Орхонның арасында.
Хангайдан Тарбағатайға дейін.
Ертіс пен Орхонның арасында.
Алтайда.
Қазақстанның оңтүстігінде.
175. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының тармақтарында VІ – ХІІ ғ.ғ. қай қалалар орналасты?
Тараз, Суяб.
Шаш, Жент.
Мерв, Бұхара.
Нишапур, Хотан.
Үргеніш, Самарқанд.
176. «Екінші ұстаз» Әл-Фараби жазған белгілі трактатты көрсетіңіз:
«Ғылымның шығуы».
«Бақытты болу туралы ғылым».
«Түрік үстеулерінің сөздігі».
«Ежелгі халықтардың хронологиясы».
«Ақыл кітабы».
177. Х-ХІІ ғ.ғ. Қазақстанның қай жерінде жәрмеңкелік сауда дамыды?
көшпелі өмірмен шекаралас қалаларда.
егіншілік аудандарында.
ірі керуен-сарайлар маңында.
қалаларда.
керуен жолдарының қиылысында.
178. Білге қаған мен Күлтегін құрметіне жазылған тас ескерткіштері қай тілде жазылған?
Руналық.
Соғды.
Ұйғыр.
Араб.
Клинопистік.
179. Шыңғыс хан қолының Қазақстан жерін алғаш кірген жылы:
1219 ж.
1227 ж.
1221 ж.
1215 ж.
1206 ж.
180. XIV ғ. I жартысындағы Алтын Орда қай ханның кезінде күшейді?
Өзбек хан.
Берке хан.
Мамай хан.
Mөңке хан.
Орда хан.
181. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы:
Батый хан.
Шыңғыс хан.
Жошы хан.
Әмір Темір.
Берке хан.
182. Алтын Ордада қандай тайпалар аз болды?
моңғолдар.
ұйғырлар.
қыпшақтар.
хорезмдіктер.
болғарлар.
183. Мауереннахрдың аумағы қай жер?
Әмудария мен Сырдария өзендерінің арасы.
Каспий теңізі маңы.
Ертіс пен Еділ өзендерінің маңы.
Еділ мен Жайық өзендерінің арасы.
Жетісуда.
184. Моғолстан мемлекетіне кірген тайпалар:
Дулат, қаңлы, үйсіндер, т.б.
Найман, қыпшақ, арғын, т.б.
Татар, хорезмдіктер, т.б.
Өзбек, ноғай, қырғыздар, т.б.
Қаңлы, үйсін, сақтар, т.б.
185. XIV ғ. Ақ Орданың орталығы қай қала болған?
Сығанақ.
Отырар.
Сауран.
Яссы.
Сайран.
186. Моғолстан мемлекеті Қазақстанның қай жерін қамтыды?
Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.
Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан.
Батыс, Оңтүстік-Батыс Қазақстан.
Шығыс Қазақстан.
Батыс Қазақстан.
187. Моғолстанның алғашқы ханы:
Тоғылық-Темір.
Орда-Ежен.
Ілияс-Қожа.
Темір-Құтлық.
Есен-Бұға.
188. Қазақстанда моңғолдар кезеңінен кейін пайда болған:
Ақ Орда.
Алтын Орда.
Моғолстан.
Мауереннахр.
Сібір хандығы.
189. Ақ Орда қай ұлыс жерінде орналасқан еді?
Жошы ұлысы.
Шағатай ұлысы.
Үгедей ұлысы.
Жебе ұлысы.
Түлей ұлысы.
190. Ноғай ордасының аумағы:
Еділдің төменгі, Аралдың маңы, Каспийдің солтүстігі.
Ертіс пен Тобыл өзендерінің арасы.
Жетісу, Шығыс Түркістан.
Алтай, Балқаш, Тарбағатай.
Әмудария мен Сырдария.
191. Көшпелі өзбек мемлекеті қашан пайда болды?
XV ғ.
XII ғ.
XIV ғ.
XVI ғ.
XIII ғ.
192. Ноғай ордасының негізін салушы:
Едіге.
Абылай.
Мөңке-Темір.
Тоқтамыс.
Жәнібек.
193. XVI ғ. басында қай қала Ақ Орданың әкімшілік орталығы, Әбілқайыр хандығының орталығы болған?
Сығанақ.
Отырар.
Қойлық.
Йасы.
Тараз.
194. Куликово шайқасындағы Мамайдың жеңілісін пайдаланып, Алтын Орда билігін өз қолына алған кім?
Тоқтамыс хан.
Жошы хан.
Берке хан.
Өзбек хан.
Мөңке хан.
195. Ақ Орданың алғашқы ханын көрсетіңіз:
Орыс хан.
Сасы-бұқа.
Ерзен хан.
Мүбәрак қожа.
Барақ хан.
196. Кіші жүз құрамына қай рулар кірді?
Қаракесек, адай, жағалбайлы.
Найман, арғын.
Қыпшақ, дулат.
Үйсін, албан.
Керей, жалайыр.
197. Орта жүздің құрамына қай рулар кірді?
Найман, қыпшақ, арғын.
Жағалбайлы, шөмекей.
Қаракесек, алшын.
Дулат, албан.
Адай, табын.
198. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
1465 ж.
1457 ж.
1468 ж.
1511 ж.
1420 ж.
199. Батыс Қазақстан жерлері қай жүздің құрамына кірді?
Кіші жүз.
Ұлы жүз.
Орта жүз.
Ешбір жүзге.
Барлық жүздерге.
200. Қазіргі мәліметтердің айтуынша, қай қазақ ханы кезінде қазақтардың саны 1 млн. адамға жеткен?
Қасым хан.
Жәнібек хан.
Бұрындық хан.
Мамаш хан.
Тәуке хан.
201. XV-XVII ғ.ғ. қазақ халқы қандай жазу қолданды?
Араб.
Қытай.
Иран.
Орыс.
Түрік.
202. XV-XVII ғ.ғ. ханға салық төлеуден кімдер босатылды?
Сұлтандар
Батырлар.
Билер.
Төлеңгіттер.
Байлар.
203. Жоңғар хандығы қашан құрылды?
1635 ж.
1615 ж.
1619ж.
1655 ж.
1675 ж.
204. XVII ғ. Поволжьеге көшкен қай тайпаларды қалмақтар деп атай бастады?
ойраттар.
ноғайлар.
көшпелі өзбектер.
қыпшақтар.
татарлар.
205. 1726 ж. Ордабасыдағы қазақ жүздерінің құрылтайында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып кім сайланды?
Кіші жүз ханы Әбілхайыр.
Орта жүз ханы Абылай.
Ұлы жүз ханы Жолбарыс.
Райымбек батыр.
Қабанбай батыр.
206. Қазақ тарихының қай кезеңін «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары деп атайды?
1723-1727 ж.ж.
1716-1720 ж.ж.
1731-1734 ж.ж.
1741-1744 ж.ж.
1755-1758 ж.ж.
207. Үш жүз бірігіп жоңғарларды жеңетін Аңырақай шайқасы қай жылы болды?
1729 ж.
1723 ж.
1733 ж.
1740 ж.
1726 ж.
208. Қай жер халық аузында «жоңғарлардың аңыраған жері» деп аталады?
Аңырақай.
Қара сиыр.
Ордабасы.
Жоңғар қақпасы.
Алакөл көлі.
209. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресіндегі алғашқы ірі жеңісті әкелген шайқас болған жер қалай аталады?
Қара сиыр.
Ордабасы.
Аңырақай.
Алакөл көлі.
Түркістан қаласы.
210. Қайып және Әбілхайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы жағдай қиындығының және Жоңғар мемлекетінің төндірген қаупін сезіне отырып, І Петрге бодандыққа алу туралы өтініш айтқан елші жібереді. Ол қай жылы болды?
1717 ж.
1724 ж.
1726 ж.
1705 ж.
1720 ж.
211. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы:
1731 ж.
1721 ж.
1711 ж.
1741 ж.
1751 ж.
212. Орынбор экспедициясы қашан құрылды?
1734 ж.
1771 ж.
1730 ж.
1738 ж.
1742 ж.
213. Жоңғар хандығы қай жылы талқандалды?
XVIII ғ. 50-жылдары.
XVIII ғ. 20-жылдары.
XVIII ғ. 30-жылдары.
XVIII ғ. 40-жылдары.
XVIII ғ. 60-жылдары.
214. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей бодандығын қай жылы қабылдады?
1740 ж.
1732 ж.
1741 ж.
1846 ж.
1757 ж.
215. Ресей қазақ даласында өзінің әскери-саяси ықпалын қалай жүргізді?
Қалалар мен бекініс шептерін салу.
Тауар айналымын күшейту.
Өзінің шенеуніктік аппаратын орнату.
Қазақ аристократия өкідерін паралау.
Билер мен батырларды паралау.
216. Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін оның батыс, солтүстік және шығыс шекараларына бекіністер салына бастауының себебі:
Қазақ даласындағы Ресейдің әскери-саяси ықпалын кеңейту үшін.
Қазақстанды сыртқы жаулардан қорғау үшін.
Сауда-экономикалық байланыстарды бекіту үшін.
Мәдени ықпалды тарату үшін.
Қала және ауыл шаруашылық мәдениетін дамыту үшін.
217. XVIII ғ. І жарт. Қазақстанның Ресей үшін маңызы қандай болды?
Азияға кірер «қақпа мен кілт» ретінде.
Ресейді Қазақстанның табиғи байлықтары қызықтырды.
Қазақстанның арзан жұмыс күші қызықтырды.
Қазақстанның көмегімен Жоңғар хандығын жоюды көздеді.
Қазақстанмен тең құқылы әскери одақ құру тиімді деп саналды.
218. «Шаңды жорық» (Қалмақтардың көшуі) қай жылы болды?
1771 ж.
1654 ж.
1725 ж.
1789 ж.
Е) 1752 ж.
219. «Шаңды жорық» кімдердің көшуімен байланысты?
Еділ қалмақтарының Жоңғар жеріне көшуі.
Ғұндардың батысқа көшуі.
Ноғайлардың Қара теңіз аумағына көшуі.
Монғолдардың Жетісуға көшуі.
Е) Ұйғырлардың Жетісуға көшуі.
220. Қазақстан аумағында Семей бекінісі қай жылы салынды?
1718 ж.
1717 ж.
1716 ж.
1719 ж..
1720 ж.
221. XVIII ғ. алғашқы жартысында жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты не болды?
Қазақстан кең байтақ жерін өз биліктеріне көшіру.
қазақ жасақтарын жою.
Қазақстанмен достық қатынастар орнату.
Қазақстан және Ресейге қарсы бір мезетте әскери іс-әрекеттер жүргізу.
Қазақстанмен тұрақты экономикалық байланыс орнату.
222. 1750-1770 ж.ж. Кіші жүзде Ресейдің отарлау саясаты неден көрінді?
Жайық маңында мал жаюға тыйым салудан.
Сібір казак әскерін құрудан.
Ертіс маңында мал жаюға тыйым салудан.
Ертіс бойына әскери бекіністер салудан.
Жетісуда әскери бекініс салудан.
223. Қай жылдан бастап Қазақстан аумағына О.А.Игельстром реформасының негізгі ережелері енгізіле бастады?
1786 ж.
1784 ж.
1782 ж.
1788 ж.
1740 ж.
224. Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған көтерілістің хронологиялық шеңбері:
1783-1797 жж.
1763-1787 жж.
1787-1800 жж.
1836-1838 жж.
1837-1847 жж.
225. Хан немесе сұлтан пайдасына мал түрінде салық төлеу қалай аталды?
зекет.
қалаң.
көшір.
тагар.
хажар.
226. 1886 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстан сот жүйесінің ең төменгі звеносын атаңыз:
Халық соты.
Имамдар соты.
«Билер соты».
Қазылар соты.
Империялық сот.
227. 1847 жылға қарай Ресей билігі Қазақстанның қай жерлеріне таралмады?
Қазақстанның оңтүстігіне.
Тарбағатай жотасына.
Қашқарияға.
Маңғыстауға.
Балқаш маңына.
228. Қай жылы орыс әскерлері Қазақ хандығының бұрынғы астанасы Түркістан қаласын басып алды?
1864 ж.
1863 ж.
С) 1862 ж.
1865 ж.
1866 ж.
229. Бұхар әмірі жерлері қай жылы Ресей империясының құрамына кірді?
1866 ж.
1865 ж.
1867 ж.
1864 ж.
1868 ж.
230. Бұрын Қоқандқа тәуелді болған қазақ жерлері 1867 жылы қай генерал-губернаторлық құрамына қарады?
Түркістан.
Дала.
Орынбор.
Батыс-Сібір.
Омбы басқармасына.
231. 1873 жылы Хиуаның орыс әскерлерінен жеңілуі нені білдірді:
Қазақтардың Хиуа ханының қол астынан толық босатылуын.
Бұл аумақтарда Хиуа езгісінің әлсіреуін.
Қазақ руларының бір бөлігінің Коканд хандығының қол астына өтуін.
Қазақ руларының бір бөлігінің Бұхар әмірінің қол астына өтуін.
Қазақтардың Сырдарияның жоғарғы ағысына көшіп кетуін.
232. Қай жылы Ресей үкіметі Қазақ даласын басқару жөніндегі Ереже жобасын дайындау үшін Дала комиссиясын құрды?
1865 ж.
1865 ж.
1874 ж.
1886 ж.
1890 ж.
233. Орыс патшасы Александр ІІ Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереженің жобасына қашан қол қойды?
1867 жылы 11 шілдеде.
1867 жылы 15 шілдеде.
1888 жылы 14 тамызда.
1886 жылы 14 тамызда.
1867 жылы 18 қыркүйекте.
234. Орыс патшасы Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Ереженің жобасына қашан қол қойды?
1868 жылы 21 қазанда.
1864 жылы 28 қазанда.
1865 жылы 18 қазанда.
1867 жылы 22 қыркүйекте
1867 жылы 14 шілдеде.
235. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ даласының әкімшілік құрылымының негізгі принципі қандай болды?
Әскери және азаматтық биліктердің бөлінбеуі.
Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Қазақстанда халықтық өзін-өзі басқаруға негізделген әкімшілік жүйені енгізу
Көшпелілердің патриархалдық-феодалдық өмір сүру негіздерін әлсірету.
Қазақтардың материалдық тұрмысы мен әл-ауқатын көтеру.
236. 1867-1868 жылдардағы реформа нәтижесінде бұрынғы Бөкей хандығының аумағы қайда енгізілді?
Астрахань губерниясына .
Орынбор генерал-губернаторлығына.
Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына.
Каспиий сырты облысына.
Түркістан генерал-губернаторлығына .
237. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына қандай облыстар қарады?
Сырдария және Жетісу.
Орал және Торғай.
Ақмола және Семей.
Өскемен және Семей.
Ферғана және Ташкент.
238. Аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына бастама болған патша әкімшілігінің ағартушылықты дамыту туралы заңы қай жылы қабылданды?
1906 ж.
1902 ж.
1909 ж.
1910 ж.
1914 ж.
239. 1881 ж. Петербург келісімінің Қазақстанға қандай қатысы болды?
Қазақстан арқылы Ресей мен Қытайдың арасындағы сауданың дамуына мүмкіндік пайда болды.
Қытайдың Қазақстанға әскери жорықтары тоқтатылды.
Ресей Қазақстанның жартысын Қытайға беруге келісім берді.
Қазақстанға қытайлықтардың еркін өтуіне рұқсат берілді.
Ресей мен Қытай Қазақстан аумағында ағылшындарға қарсы біріккен әскерін ұстауға келісім жасады.
240. Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы қай кезде басталды?
1867 – 1868 ж.ж. реформалардан кейін.
Хандық билікті жойғаннан кейін.
1731 ж. кейін.
1890 ж. кейін.
Столыпиннің кезінде.
241. Іле өлкесінде орыс әскерлерінің алға жылжуы және бекінуі үшін Сырдария мен Сібір әскери шептерін біріктіру идеясын кім ұсынды?
Гасфорт
Карбышев.
Перовский.
Колпаковский.
Перемышельский.
242. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоныс аудару қоры немен айналысты?
Қазақтардың жерін тартып алумен.
Царизмнің реформасын жүзеге асырумен.
Зерттеушілік жұмыспен.
Салық жинаумен.
Царизмнің салық саясатын жүзеге асырумен.
243. ХХ ғ. басында қай өндіріс объектісі қолдануға берілді?
Орынбор-Ташкент темір жолы.
Успен кен орыны.
Спасск мыс кен орыны.
Риддер полиметалл комбинаты.
Қарағанды көмір алабы.
244. 1868 жылғы «Жетісуге шаруа қоныс аударушылары туралы Уақытша ережені» кім жасады?
Колпаковский.
Сперанский.
Эссен.
Кириллов
Столыпин.
245. 1897 жылғы жүргізілген Қазақстан халық санағы бойынша ірі қалалар қатарына жатқызылған қалаларды көрсетіңіз:
Орал және Верный.
Атбасар және Көкпекті.
Қарқаралы және Зайсан.
Перовск және Көкшетау.
Ырғыз және Торғай.
246. ХІХ ғ. І жартысында Қазақстанда орыс-қазақ мектептерін ашу не мақсатпен жүргізілді?
байырғы тұрғындар арасынан отаршылдық әкімшілік үшін кадрлар дайындау үшін.
ғылыми кадрлар дайындау үшін.
байырғы тұрғындар арасынан дипломаттар дайындау үшін.
байырғы тұрғындардың арасынан әскери кадрлар дайындау үшін.
бұл мектептерге байырғы тұрғындар қабылданбады.
247. Қай жерде бірінші қазақ мұғалімдер мектебі ашылды?
1883 ж. Орскіде.
1881 ж. Орынборда.
1885 ж. Семейде.
1872 ж. Омбыда.
1882 ж. Әулие-Атада.
248. Қазақ даласында жергілікті халық арасынан аудармашылар мен тілмаштар даярлайтын Азиялық мектеп қай жылы ашылды?
1789 ж.
1841 ж.
1847 ж.
1867 ж.
1858 ж.
249. Құрманғазының қайсы күйінде халықтың еркіндікке ұмтылуы, туған жерге сүйіспеншілігі көрінеді?
Сарыарқа.
Адай.
Ақсақ киік.
Ақбай.
Кішкентай.
250. Ұлы украин ақыны Т.Г.Шевченко қай жылдар аралығында қазақ жерінде айдауда болды?
1847-1857 ж.ж.
1847-1854 ж.ж.
1847-1856 ж.ж.
1847-1852 ж.ж.
1847-1862 ж.ж.
251. Қазақстанның қай облысында 1916 ж. шаруалар көтерілісі кең тарады?
Торғай.
Орал.
Маңғыстау.
Сырдария.
Семей.
252. І бүкіл қазақ съезі қай жылы болды?
1917 ж. шілде.
1917 ж. мамыр.
1917 ж. наурыз
1917 ж. қыркүйек.
1917 ж. қараша.
253. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай баспасөзде жарияланды?
«Қазақ» газеті.
«Айқап» журналы.
«Ақ жол» газеті.
«Еңбекші қазақ» газеті.
«Правда» газеті.
254. «Алаш» автономиясы қашан құрылды?
1917 ж.
1916 ж.
1918 ж.
1920 ж.
1919 ж.
255. «Алаш Орда» үкіметін сайлаған екінші бүкіл қазақтық съезд қашан және қайда өтті?
1917 ж. желтоқсан, Орынбор.
1917 ж. қараша, Ташкент.
1917 ж. қараша, Қоқан.
1917 ж. желтоқсан, Омбы.
1918 ж. қаңтар, Семей.
256. Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болған қала:
Орынбор.
Омск.
Верный.
Қызылорда.
Алматы.
257. 1920 ж. ҚазАКСР ОАК-нің басшысы кім болды?
С.Меңдешев.
А.Байтұрсынов.
М.Сералин.
М.Дулатов.
А.Бөкейханов.
258. Орынбор қай жылдары ҚазАКСР-ның астанасы болды?
1920-1924 ж.ж.
1919-1924 ж.ж.
1924-1929 ж.ж.
1923-1928 ж.ж.
1925-1929 ж.ж.
259. 1924 ж. ұлттық-мемлекеттік межелену кезінде ҚазАССР құрамына кірген облыстарды атаңыз:
Жетісу және Сырдария.
Торғай және Орал.
Семей және Ақмола.
Закаспий облысы және Бөкей ордасы.
Петропавл және Көкшетау.
260. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыруға қарсы жаппай қарулы көтерілістер қай жылдары болды?
1931-1933 ж.ж.
1929-1931 ж.ж.
1931-1935 ж.ж.
1937-1938 ж.ж.
1938-1939 ж.ж.
261. Қазақстанның қай қаласы 1925 жылы астана болды?
Қызылорда.
Ақмола.
Арқалық.
Алматы.
Шымкент.
262. Қазақ жазуы араб графикасынан латын әліппесіне қашан ауысты?
1929 ж.
1931 ж.
1933 ж.
1939 ж.
1940 ж.
263. «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағаның авторы:
А.Затаевич
А.Бимбойс.
А.Жұбанов.
Л.Хамиди.
Е.Брусиловский.
264. Қазақстанда кириллица қашан енгізілді?
1940 ж.
1935 ж.
1926 ж.
1946 ж.
1949 ж.
265. Индустрияландыру жылдары құрылып, «Екінші Баку» атанған мұнай базасын атаңыз:
Мұнайлы Ембі.
Мұнайлы.
Жаңаөзен.
Теңіз мұнайы.
Қашаған.
266. «Алжирде» кімдер қамалды?
«Отанына опасыздық жасағандардың» әйелдері.
«Халық жауларының» туысқандары.
«Халық жауларының» балалары.
«Халық жаулары».
Әскери тұтқындар.
267. Қазақстандағы ең үлкен сталиндік лагерді атаңыз:
Карлаг.
Алжир.
Степлаг.
Қостанай абақтысы.
Өскемен абақтысы.
268. Қазақстандағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру кезеңіндегі қай жылдарды «ұлы апат жылдары» немесе қазақ халқының ұлы трагедиясы деп атайды?
1930-1932 ж.ж.
1928-1932 ж.ж.
1929-1932 ж.ж.
1930-1934 ж.ж.
1932-1934 ж.ж
269. «Кіші Қазан» бағытына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері:
С.Сәдуақасов пен Ж.Мыңбаев.
Ы.Құрамысов.
Т.Рысқұлов.
М.Нұрмақов пен Д.Омаров.
М.Курнаков.
270. Оппозицияның «Кіші Қазан» бағытына қарсы ұстанған идеясы:
Өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату.
Кіші және орта мекемелер құрылысы.
Ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижелерін пайдалану.
Далаға зауыттар мен фабрикалар салу қажет болды.
«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес.
271. 1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін қай композитор басқарды?
А.Жұбанов.
Тәттімбет.
Е.Брусиловский.
М.Төлебаев.
Ж.Асимов.
272. 1938 ж. Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде қойылған Е.Брусиловскийдің қазақ эпикалық шығармасына негіздеп жазған операсы қалай аталады?
«Қыз-Жібек» .
«Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» .
«Айман-Шолпан» .
«Күлше қыз» .
«Мақпал қыз»
273. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысына кім ретінде қатысты?
Ұшқыш.
Танкист.
Артиллерист.
Тыңшы.
Партизан.
274. Депортация деген не?
Бір халықты күштеп жер аудару.
Уақытша қоныс аудару.
Эвакуация.
Миграция.
Иммиграция.
275. Ұлы Отан соғысы жылдарында қандай еңбегі үшін Қ.Сәтпаевқа Мемлекеттік сыйлық берілді?
Жезқазғандағы мыс кен орнын зерттегені үшін.
Майданға ірі ақшалай көмек көрсеткені үшін.
Жаңа қару түрін ойлап тапқаны үшін.
ҚазКСР ҒА-сын басқарған қызметі үшін.
Арал теңізін зерттегені үшін.
276. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру қай жылы басталды?
1954 ж.
1949 ж.
1959 ж.
1946 ж.
1951 ж.
277. 1960 ж. басында Қазақстанға қай елден қанша қандастарымыз келді?
Қытайдан 200 мың адам.
Ауғанстаннан 150 мың адам.
Ираннан 100 мың адам.
Монғолиядан 200 мың адам.
Түркиядан 50 мың адам.
278. Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс қашан болды?
1949 ж.
1947 ж.
1945 ж.
1951 ж.
1953 ж.
279. Жұмабай Шаяхметов 1946-1954 ж.ж. Қазақстанға өте танымал адам болды. Ол:
Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы.
Қарағандының үздік шахтері.
Атақты шопан.
Мәдениет саласының белгілі қайраткері.
КОКП саяси бюросы ОК мүшесі.
280. Ұлы Отан соғысынан кейін қай жылдары ақша реформасы жүргізілді?
1947 ж.
1946 ж.
1945 ж.
1948 ж.
1950 ж.
281. 1949 ж. роман-эпопеясы үшін ұлы қазақ жазушысына бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық тапсырылды. Бұл қай жазушы туралы?
М.Әуезов «Абай жолы».
С.Мұқанов «Сырдария» романы.
Т.Жароков «Таңдамалы».
С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу».
Ғ.Мұстафин «Миллионер».
282. Тұңғыш космонавт Ю.А.Гагарин Қазақстан жерінен ғарышқа қай жылы ұшты?
1961 ж. 12 сәуір.
1960 ж. 12 сәуір.
1959 ж. 12 сәуір.
1962 ж. 12 сәуір.
1965 ж. 12 сәуір.
283. Қола және ерте темір дәуірінің ерекше ескерткіші – Бегазыны ашқан, республиканың қай ірі тарихшысының көзқарасы жалған деп айыпталды?
Марғұлан.
Алпысбаев.
Массон.
Бекмаханов.
Оразбаев.
284. Қай жылы тарих ғылымдарының докторы, Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, ҚазКСР Жоғарғы Сотының соттық коллегиясы шешімімен буржуазиялық ұлтшыл ретінде 25 жылға сотталды?
1952 ж.
1947 ж.
1949 ж.
1943 ж.
1954 ж.
285. Коммунистік Партияның ХХ съезінің тарихи маңызы неде?
И.В.Сталиннің жеке басына табыну тоқтатылды.
Коммунизмді құрудағы бағытты белгіледі.
Реформа бағдарламасы қабылданды.
Партияның кезекті бағдарламасы қабылданды.
Елдегі демографиялық жағдай талқыланды.
286. ХХ ғ. 70-жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына не кедергі болды?
Ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттің жоспарлы сатып алуы.
Жоспарлы бағдарламаның болмауы.
Қаржы салымдарының болмауы.
Колхоздар мен совхоздардың өздерінің айналым құралдарынан айырылуы.
Колхоздар мен совхоздарды қызмет көрсетуші мекемелердің тонауы.
287. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қашан қабылданды?
1978 ж. сәуір.
1937 ж. наурыз.
1993 ж. қаңтар.
1990 ж. қазан.
1995 ж. тамыз.
288. Қай жылы Целиноград (Ақмола) жастары Қазақстан жерінде неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты?
1979 ж. маусым.
1986 ж. маусым.
1989 ж. маусым.
1990 ж. маусым.
1991 ж. маусым.
289. Бұрынғы Коммунистік партияның негізінде Қазақстанда қандай партия құрылды?
Социалистік.
Социал-демократиялық.
Демократиялық.
Халықтық партия.
Ешқандай партия құрылған жоқ.
290. ХХ ғасырдың 80-жылдары құрылған Балқаш пен Арал мәселесі туралы комитетті Қазақстанның қай көрнекті қайраткері басқарды?
М.Шаханов.
О.Сүлейменов.
М.Оспанов.
С.Терещенко.
Х.Қожахметов.
291. «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?
1985 ж. 22 қыркүйек.
1987 ж. 22 қыркүйек.
1989 ж. 22 қыркүйек.
1990 ж. 22 қыркүйек.
1991 ж. 22 қыркүйек.
292. Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы стратегияны жүзеге асыру үшін маңызды нәрсе не?
Қоғамның қойылған мақсаттың төңірегіне топтасуы.
Кәсіби Үкімет.
Басым бағыттарды дұрыс анықтау.
Ойластырылған экономикалық саясат.
Жалпыға ортақ келісім.
293. Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қашан жарияланды?
1990 ж. қазан.
1991 ж. тамыз.
1989 ж. қаңтар.
1991 ж. желтоқсан.
1990 ж. мамыр.
294. КСРО-дағы, соның ішіндегі Қазақстандағы 1962-1989 ж.ж. реформалар не себепті тиімді нәтижелер бермеді?
Реформалар экономикалық қатынастарды түпкілікті өзгертуді көздемеді.
Реформалар тек қана жекелеген адамдарға қатысты болды.
Реформа қажет болған жоқ.
Реформаларды ғалымдар жасады.
Реформаларды партия қолдаған жоқ.
295. 1992 ж. 2 наурызында республика өмірінде қандай оқиға болды?
Қазақстан БҰҰ мүше болды.
Қазақстан Дүниежүзілік банкке мүше болды.
Қазақстан НАТО-ға мүше болды.
Қазақстан Халықаралық валюта қорына мүше болды.
Жекешелендіру туралы заң қабылданды.
296. Қазақстанның жаңа елордасы Астананың салтанатты түрде ашылуы қашан болды?
1998 ж. маусымында.
1996 ж. маусымында.
1997 ж. маусымында.
1999 ж. маусымында.
1999 ж. желтоқсанында.
297. 1991 жылы желтоқсанда Алматыда өткен тәуелсіз елдер басшыларының кездесуі немен аяқталды?
КСРО-ның құлауын заңды түрде бекітумен.
КСРО-ның құрылуын жариялау туралы келісіммен.
КСРО-ның қайта өркендеуі турала келісімнің жасалуымен.
КСРО-ны бұрынғы күйде сақтау туралы келісіммен
Ешқандай келісімдер жасалған жоқ.
298. Президенттің Жарлығы бойынша 2000 жыл қандай жыл деп жарияланды?
«Мәдениет, бейбітшілік, қайырымдылық» жылы.
«Ұлтаралық келісім және саяси репрессия құрбандарын еске алу» жылы.
«Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих» жылы.
«Бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының» жылы.
«Экономикалық реформалар» жылы.
299. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы:
Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.
К.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков.
Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев.
Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков.
К.Әлімбаев, Ш.Ниязбеков.
300. Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің алғашқы он жылы ішінде демографиялық жағдай қалай өзгерді?
тұрғындар саны 2 млн адамға азайған.
тұрғындар саны 2 млн.адамға көбейген.
ешқандай өзгерістер болған жоқ.
бұл кезеңге сай келетін демографиялық нақты мәлімет жоқ.
еркек тұрғындар саны көбейген.
Достарыңызбен бөлісу: |