1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазақстандағы Азамат соғысының себептерін атаңыз және оның барысын сипаттаңыз



бет14/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

16. Қазақстандағы Азамат соғысының себептерін атаңыз және оның барысын сипаттаңыз.

Азамат соғысы Азамат соғысы— мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.  1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т.б. басшылық етті. Өлкеде азамат соғысының барысы 1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттердің көмегімен Сіібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құралған корпустың Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығрып, Сібір мен Оралдың темрі жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа ды елді мекендерді жаулап, ондағы кеңес өкіметнің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, Пю Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі әскери қолбасшылар, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А.Имановт.б секілді талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен жүзеге асырылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды.

Маңызы: Қазақстанда жаңа өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті. 1920 жылы 17 тамызында РКФСР Халық Комиссалары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссалары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет