1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»



бет28/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

32. Одақтық және республикалық қазақстандық басшылар арасындағы қарым-қатынастың қиындауының мәнін түсіндіріңіз: Ж.Шаяхметов және Ж.Тәшеновтің қызметі мен тағдыры.



Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.03.1915 жылы Ақмола облысы Аршалы аудан Танагүл ауылында дүниеге келіп – 18.11.1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.

Қызметтері:

1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі

1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары

1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі

1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952)

1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы

1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы

1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы

1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары

Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған.

Қайраткерлігі:

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Түркістан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет