39. КСРО-ның ыдырауы мен ТМД-ның құрылуы себептерін неден көресіз және осы процестерді сараптаңыз. ТМД-ның болашақ дамуына сіздің көзқарасыңыз қандай?
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы және оның Қазақстан үшін тарихи маңызын анықтаңыз. Оның негізгі ережелерін сараптаңыз.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заңның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшылыққа алуға тиіс Қазақстан мемлекетінің құқықтық принциптері баяндалды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану принципіне адалдығын мойындау жатады.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құлауымен және оның Конституциясы мен заңдарының Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары конституциялық заң бойынша қалыптасатын ұлттық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруі үшін бұл ереженің зор маңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен өзара қатынасының негізгі принциптері оның тәуелсіздігінің елеулі белгісі болып табылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды. Мемлекеттік егемендіктің аталмыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қызметінің негізіне алынды және алғашқы күннен бастап жүзеге асырыла бастады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтарының мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының анықтамасы келтірілді. Атап айтқанда, бұл заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыратындығы» жазылды.Заң Қазақстан халқын таптарға бөлмейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің маңызды элементін – өз азаматтығының болуын баянды етті. Республиканың барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушылықтың заң бойынша жазаланатыны ерекше атап көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |