51.Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз Үкіметтік емес ұйымдар-қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді.
2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдамада үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және олады жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқыгдады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Бағдарламаның басты мақсаты-Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыстар және Астана,Алматы қалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнақтыратын кеңестер, ол орталық емес ұйымдар қатысуымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2005 жылы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық үкіметінің емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаттық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар, құрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген форумға дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.