53.Қазақстан-көпұлтты мемлекет. Азақстан хвлқы Ассамблеясының қызметі Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
54. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық ой-өрісін ашудың маңызы. Полиция полковнигі Мирлан Қызылов Қазақстан Республикасының 2015 жылғы ақпандағы "Қазақстан мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы қабылданған болатын. Аталған заң рухани, мәдени, білім алуы, кәсіпқой қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін олардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады. Жыл сайын оқу ордаларына облыстардың түкпір-түкпірінен білімдерін жоғарылатуға, таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болуға талапкерлер түсуде. Сол оқу орындарында білім алып жатқан тыңдаушыларымыздың білім деңгейін жоғарылату, ғылыми-зерртеу жұмыстарына қатысудағы белсенділігін арттыру, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, облыстық, республикалық деңгейлерде өткізіліп жатқан әртүрлі бағыттағы шараларды тарату, олардың өсуіне жол ашу үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда жастарды ақпараттық қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналатыруға, демалуға, әлеуметтік оңалуға және жас отбасыларын қолдауға, олардың құқықтарын жүзеге асыруға біпталай жұмыстар атқарылып жатқанын айта кету қажет.
55. Елбасының "Халық тарих толқынында" тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясындағы қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз.
Халқымыздың тәуелсіз ҚР атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білу бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білу де соншалықты маңызды. Өйткені, тарих –ұлттың жады. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих – ұлт тәуелсіздігінің кепілі. Сондықтан ұлттың тарихты зерттеуде ғылыми қоғамдастықтың алдында "Халық тарих толқынында" ғылыми зерттеу бағдарламасы жүзеге асыру міндетін қойды. Ғылыми бағдарламаның мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы,этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті тұр: еліміздің азаматтарының мінез – құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық – методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр.Ұлт Көшбасшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Халық тарих толқынында" деген бағдарлама қазір өмір сүріп отырған ортаға, халық пен оның тарихына деген көзқарасына, Отанына сүйетін азаматтарға түбегейлі өзгеріс әкелетініне толық сенімдімін.