1 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет1/12
Дата13.05.2022
өлшемі36,56 Kb.
#142974
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ккзт


1 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы -Қазақстанның аумағындағы ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды өзара тығыз байланыста тұтас қарастыратын ғылым. Бұл тарих Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақ тарихында қазіргі заманның ХХ ғасыр басынан басталатын себебі Қазақстанның тәуелсіз ұлттық-демократиялық дербес мемлекет құру идеясы үшін нақты күресі басталды. Оқулықтың негізгі идеясының бірі -қазақ халқының кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің озбыр саясатының мәнін ашу мен зардаптарын талдауға және тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне бүгінде жеткізу болып табылады. Аса күрделі және зобалаңдарға толы болған бұл тарихи кезең ақырында Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіз ел болуымен аяқталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Өйткені тәуелсіздікті отаншыл азамат қана қорғай, қолдай алады. Қазақстан тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән -қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Бұл дәрістерді жазу барысында авторлар Қазақстан Республикисы Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарламасын және оқу жоспарын басшылықққа алды. Дәрістерді жазу барысында авторлар ең алдымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегииқ міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» (1995 және тб.) және тб. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну деңгейін ескерді. Мұндайда авторлар әсіресе Елбасымыздың» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аса маңыздылығын ескерді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет