1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Түркістан (Қоқан) автономиясының құрлуы және біртұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы



бет23/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

15.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрлуы және біртұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы.


Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдадыТүркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.Қоқан қаласында құрылған «Түркістан автономиясын» большевиктер «заңсыз» үкімет деп жариялаған соң, «оның басшыларын» тұтқындау туралы қаулы шығарды. Автономия басшысы болған Мұстафа Шоқайдың басы үшін 1000 сом сыйлық тағайындалды. Автономия құлатылған соң оның басшыларының бір бөлігі тұтқындалып, бір бөлігі жан-жаққа тарап кеткен болатын. Мұстафа Шоқай аз уақыт партизандардың арасына бой тасалайды. Одан кейін жасырын атпен Ташкентке келіп, ол жерде де тұрақтап қалмай, 1918 жылдың 1 мамырында әйелі Мария Яковлевнамен Ташкентті тастап шығады.
Өзін қорғайтын армиясы болмаған Түркістан автономия­сы большевиктердің жойқын күшіне төтеп бере алмай, 64 күн өмір сүруінен соң 1918 жылдың 13 ақпанында құлатылды. Автономияның жақтастары күресті тоқтатпай, Ферғана ойпатында 10 жылдан астам уақыт партизандық күрес жүргізді. Оларды Кеңес тарихнамасында «басмашылар» деп атап, «тонаушы», «қарақшы» ретінде суреттеді. Олар большевиктер насихаттағандай «басмашылар» емес, елінің, жерінің азаттығы үшін күші тең емес жау­мен қаһармандарша күрескен партизандар болатын. Осы жерде көрнекті ағартушы ғұлама Әбдірауф Фитраттың «еркіндік берілмейді, алынады» деген сөзі еске түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет