1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қазақстан Азамат соғыс жылдарында Алаш әскерінің азамат соғысына қатысуы Әскери камунизм саясаты және оның салдары



бет24/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

16.Қазақстан Азамат соғыс жылдарында Алаш әскерінің азамат соғысына қатысуы Әскери камунизм саясаты және оның салдары
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Азамат соғысы басталғанда Алашорданың орталығы Орынбордан Семейге көшкені белгілі. Сөйтіп, олардың алғаш қолға алған ісі халық әскерін құру болды. Бұл туралы тарихшы Е.Сайлаубайдың жоғарыда аталған мақаласында егжей-тегжейлі жазылған.
Семей облысына қарасты 22 болыстың әрқайсысынан 30 адамнан жинау көзделді. Соның нәтижесінде 700-ден астам қазақ милициясы құрылды. «Әйелі жоқ салт жігіттерге айына 60 сом, әйелі барларға 160 сом берілген. Бәрінің киім-тамағы һәм басқа шығындары қазынадан бөлінген» [11].
Семейден бастау алған Алаш әскерін құру ісі еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын тапты. Ұлттық мерзімді басылым материалдарында «Қостанайда 2-ші қазақ полкі, Жаманқалада (Орск) – 3-ші, 4-ші, Оралда – 5-ші, 6-шы қазақ полктері жасалатыны» туралы мәліметтер кездеседі. Сондай-ақ, «Өскеменде қазақ капитаны Хамит Тоқтамышев ер көңілді қазақ жігіттерінен 1-ші полк пен офицер шығаратын медресе ашқан».
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет