1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ф. Голощекиннің Кіші Қазан саясаты және саяси қуғын сүргіннің басталуы



бет27/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

19.Ф. Голощекиннің Кіші Қазан саясаты және саяси қуғын сүргіннің басталуы
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет