1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды



бет28/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның «Кіші қазан» идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің «кіші қазанының» тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет