1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Жалпытүркілік азаттық қозғалысының көсемі М. Шоқайұлының өмірі мен саяси-ағартушылық қызметі



бет36/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

26. Жалпытүркілік азаттық қозғалысының көсемі М. Шоқайұлының өмірі мен саяси-ағартушылық қызметі.

Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі. Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

Мұстафа Шоқайдың ұлт-азаттық қозғалыс басшысы, саясаткер ретінде қалыптасуына белгілі дəрежеде ықпал еткен тұлғаларға тоқтала кетсек, Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхан оған студент кезінен əсер еткен, оның ұсынысымен Ресей Мемлекеттік думасы Мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған. Ол кейін өзінің «Жас Түркістан» журналында жариялаған бір мақаласында «Əлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мəселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мəселесін толық білу керек деп ескертетін-ді» деп жазған. Бұдан кейін де олардың тағдырлары жиі тоғысып, М. Шоқай эмиграцияға кеткенге дейін саяси өмірде қатар қызмет еткен. Біздіңше, оларды бір бастаудан аққан қос өзенге теңеуге болады, ал ол бастаудың басында азаттық идеясы тұрды. Сонымен қатар башқұрт халқының қайраткері, досы Зəки Уəлидиді де айту қажет.

М. Шоқайдың рухани кемелденуіне М. Сералин басқарған «Айқап» журналы, «Алаш» партиясының ресми баспасөз органы болған «Қазақ» газеті басқа да басылымдар да ықпал жасаған.

Мұстафа Шоқай қызметінің жаңа кезеңі оның Мемлекеттік думаның қызметіне араласып, саяси эмиграцияға ұшыраған кезеңге дейінгі аралықты қамтиды деген пікірдеміз. Бұл қазақ халқының азаттық күресінің басталуымен қатар келеді. ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында саяси, əскери, экономикалық, мəдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын мəңгүрттендірудің аз-ақ алдында тұр еді, бұл басқа да отарлық езгіде отырған түркі халықтарына қатысты. Осының бəрін көріп отырған Мұстафа Шоқай мұндай азуы кең алып күшке бүкіл түркі халқы бір азаттық туының астына бірігіп қана қарсылық көрсете алатындығын түсінді. Осыдан туындаған «Тұтас Түркістан» идеясы оның қоғамдық-саяси қызметінің арқауы болды. 1914 ж. Əлихан Бөкейханның ұсынысымен IV Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалады. Ол Мемлекеттік думаның мүшелері Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бахбуди, Минуар Қары т.б. байланыс жасап, Түркістанның болашағы жайлы талқылап жүрген.

Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі әрі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар - абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен әрдайым бірге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияға, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, « Еңи Түркістан » мен « Яш Түркістан » журналдарын басып шығарып тұрды. 1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет