Көз – жануарлардың қоршаған ортаны көретін аса маңызды дене мүшесі. Көру арқылы олар кеңестікте еркін қозғалады, азығын тауып жейді. Қажет болғанда жауынан қорғанады, қашып кете алады.
Жануарлардың көздері ауруларға біршама жиі шалдығады. Себептері де сан алуан. Көз ауруларына шалдыққан, көзі нашар көретін немесе мүлде көрмейтін жануарлардың өнімділігі төмендейді, арнайы күтімді қажет етеді. Кейде мертігіп өлімге де ұшырайды. Ал, асыл тұқымды малдар құнсызданады. Шаруашылықтарға біршама экономикалық зиян тигізуі мүмкін.