Түсті қабық – (iris) тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Аты айтып тұрғандай әр түрлі жануарларда түсі әр түрлі, пигментке байланысты қара, қоңыр, қызыл, көкшіл тағы басқа түсті. Ол көз алмасының осьіне тік (перпендикуляр), қасаң қабықтың артында, көз бұршағының алдында орналасқан. Қасаң қабық пен түсті қабықтың аралығындағы кеңестік – көздің алдыңғы камерасы, ал түсті қабық пен көз бұршағы аралығындағы кеңестік – көздің артқы камерасы деп аталады. КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ АУРУЛАРЫ Көз шарасы көзді механикалық әсерлерден қорғайды. Ол әр түрлі механикалық сыртқы әсерлерден жиі жарақаттанады. Көзге соққы тиюі, малды көліктермен тасығанда ұрылу, соғылу салдарынан ашық және жабық жарақаттар алады. Көзге бөгде заттардың енуі, көз шарасы сүйектерінің сынуы салдарынан оның ұлпалары мен көз алмасы қабына (периорбита) қан құйылады. Бұлшық еттер мен сірі қабықтардың үзілуі және шықшыт буынның шығуы салдарынан көз алмасының орнынан қозғалуы, көз шарасынан шығуы, тіпті сыртқа түсуі мүмкін. Көз шарасының жарақаттары салдарынан бұл аумақта асептикалық, ал инфекция түссе шірікті қабынулар дамиды. Көз шарасының жарақаттары – (Vulnera, contusions) тілінуі, соғылуы. Көз шарасы әртүрлі механикалық әсерлерден жиі жарақаттанады. Егер әсер үстірт болса ол жеңіл өтеді. Егер жарақаты терең болса көздің ішкі құрылымдары қоса зақымдалып, инфекция еніп, ауру асқынып, ауыр өтуі мүмкін (ретробульбарлық флегмона т.б.). Белгілері. Көз шарасының беткейлі ашық және жабық механикалық жарақаттарын, яғни тілінуі мен соғылуын қарау, сипау арқылы оңай
Достарыңызбен бөлісу: |