Жануарлардың көз ауруларын ветеринария ғылымдарының бір саласы - ветеринариялық офтальмология зерттейді.
Офтальмология – гректің екі сөзінен құралған. Ophthalmos – көз, logos – оқу, білім, көз туралы ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі ғылыми түсінік бойынша офтальмология – көздің анатомиясы, физиологиясы, көз ауруларының пайда болу себептері, патогенезі, анықтау, зерттеу, емдеу әдіс – тәсілдері мен алдын алу шаралары жөніндегі ғылым.
Ветеринариялық офтальмология – көптеген ветеринариялық ғылым салаларымен тығыз байланыста және олармен бірге дамып келеді. Көздің анатомиясы мен физиологиясын және әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін білмей оның ауруларын зерттеу, анықтау, емдеу мүмкін емес.