1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.)



бет34/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

24. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).

Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қазан айының өзінде қазақ және орыс шаруаларының бес ауданнан жиналған өкілдері өкіметке қарсы қарулы бой көрсету жөнінде келіссөздер жүргізді. Көтеріліс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегілерді босатты. Көтерілісшілерді А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкілдері Кеңес өкіметін құлату жөнінде шешім қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбір ауыл көтерілісшілер армиясына 50 жігіттен беру керектігі жөнінде шешім қабылдады, көршілес аудандарға үгітшілер жіберілді. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 500 - ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерілісшінің біреуінде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ - дің қарулы отрядтары аттандырылып, көтерілісшілер талқандалып, көтеріліс басып - жанышталды 200 - дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.

Созақ көтерілісі. 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал - мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы және мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет - ғұрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30 - жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі еді. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар « Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс » ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі қоғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді ( қазақтарды ит терісі мен жылқы құйрығын тапсыруға мәжбүр етті ). Өмір салтын бұлайша қорлау қоғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп соқты.

Жетісудағы көтеріліс. Сол уақытта осындай басқа көтеріліс Жетісудағы Ақсу ауданында да болды. 1930 жылы 27 наурызда 200 көтерілісші Абакумовканы басып алды. Оларға Кеңес өкіметінің саясатына наразы жергілікті халықтың бір бөлігі қосылды. Келесі күні 40 адамдық қарулы отряд құрған Арасан елді мекенінің тұ ғындары көтерілісшілер жағына өтті. Бой көрсету ұлттық сипатта болған жоқ, өйткені оған орыс елді мекендерінің тұрғындары да қатысты. Орыстардан 40 адамнан тұратын көтерілісшілердің жеке отряды құрылды. Көтеріліске қатысушылардың орталық штаб Ақсуда орналасты. Штабтың құрамына Е. Жанбаев, Қ . Қалиев және Ғ . Сатырбаевтар енді. Осы шайқастың нәтижесінде 15 адам өліп, 76 көтеріліске қатысушы тұтқынға түсті. Жазалаушылардың көтерілісшілермен екінші ірі қарулы қақтығысы 2 сәуір күні болып өтті. Күштер тең емес еді әрі көтерілісшілер нашар қаруланды. Қолға түскен 21 көтерілісшінің төртеуі көтерілісті ұйымдастырушылар болып шықты. 300 - дей адам қорқытып - үркітуден соң көтеріліске одан әрі қатысудан бас тартты. 25 наурыздан 7 сәуірге дейін ОГПУ органдары жүргізген жазалау операциясының барысында 161 адам өліп, 509 адам тұтқындалды. Операцияға тұрақты армияның 1000 - ға жуық солдаты қатысты. Көтеріліс іс жүзінде мамырдың соңына дейін созылды.

Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтерінің көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т.б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Көтерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіқара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8 - атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОГПУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Көтерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері өтіп, көтерілісшілер ыдырады. Алайда қуғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды. Ұжымдастыру жылдары жергілікті халықтың бой көрсетулері барлық жерде бұрқ етті. Соңғы ірі көтерілістердің бірі 1931 жылы көктем - жазда Маңғыстауда болды. Табын мен адай руларының қазақтары көктемде ұжымдастыру мен ет дайындаудан қашып, Түрікменстанға, Қарақалпақстанға, тіпті Кавказға жаппай көше бастады. Қазақтарды тоқтату әрекеттері бүкіл Табын ауданын, Маңғыстау ауданы шаруашылықтарының 60 % -ын, көрші аудандардың бірнеше ауылдарын қамтыған қарулы көтеріліске әкеп соқты. Көтерілісшілер жағына Форт Александровск - Қоңырат темір жолына жақын елді мекендердің тұрғындары да өте бастады. Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды. Республикада 80 мыңдай адам қатынасқан шаруалардың 400 - дей бой көрсетулері болып өтті. 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлеріне қамалды, олардың 883 - і атылды .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет