1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Социалистік «мәдени революция». Ғылым мен мәдениеттің дамуы (1920-1940 жж.)



бет33/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, Жанрр (1), бөж пед1
23.Социалистік «мәдени революция». Ғылым мен мәдениеттің дамуы (1920-1940 жж.).

1919 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі ( XKK ) « Сауатсыздықты жою туралы Декретке » қол қойды. Мемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады. 1920-1921 оқу жылдарында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пункттерінде 70 мыңдай адам оқыды. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп - интернаттар, рабфактар құрыла бастады. Медреселер, мектептер және орыс - қазақ мектептері кеңестік мектептерге айналды. Қазақстанда 1925 жылы 2,7 мыңнан астам мектеп болды. 

Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қахақ мектептері үшін жылдың соңына қарай қахақ мектептері үшін 30 – дан астам оқулықтар жарық көрді.

1930 жылы міндетті жалпы бастауыш , ал 1931 жылы жалпыға міндетті жетіжылдық білім беру енгізілді. 1935 жылға қарай Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың 91 % -ы оқыды, бірақ олардың үштен бір бөлігі ғана жетіжылдық және орта мектептерде білім алды. Республикада мәдени - ағарту жүйесі де кеңінен ұйымдастырыла бастады. 1928 жылы өлкеде 488,3 мың кітап қоры бар 236 кітапхана жұмыс істеді. 1931 жылы Қазақстанның мемлекеттік көпшілік кітапханасы құрылды. Халыққа клуб мекемелері мен мұражайлар да ағартушының тұрғысында қызмет етті.

1928 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты ашылып, 1935 жылы оған Абай есімі берілді ( қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық уни верситеті ), 1929 жылы Алматы мал - дәрігерлік институты, 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институты, 1931 жылы Алматы медициналық институты, 1934 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті ( қазіргі әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ), Тау - кен институты ашылды. Оралда, Семейде, Ақтөбеде, Петропавлда, Шымкентте және Қостанайда педагогикалық және мұғалімдік институттар ашылды. 30 - жылдары сырттай оқу жүйесі дами бастады.

20-30 - жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20 - жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары Семей әуесқой театр тобы және Халыққа білім берудің Орынбордағы қазақ институты еді. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ . Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, З. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның шығармашылығы 20 - жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар « Ескі және жаңа тұрмыс » деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт - дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет