Мен өрікпін өрікпін,
Айналаға көрікпін.
3. Жеке жұмыс. Балалардың ішіндегі естиярларына
жемістердің иісін, дәмін білуді ұғындыру, сұрау.
4. Еңбек. Арамшөптерді жұлуға, суаруға баулу.
5.Қимылды ойын: «Қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс?»
Картотека № 17
Картотека № 18
1.Бақылау. Аспанды бақылау. (Ол қандай? Күн қалай түседі?
Аспанда бұлт көп пе?)
2.Қимылды ойындар: « Күн мен жаңбыр», «Арқан тартыс»
« Түлкі мен қаздар».
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа үйрету
3.Жеке жұмыс: 2-3 балаға аспан денелері туралы түсіндіру
және танып айтуға үйрету.
4. Еңбек. Телімді сыпыру.
5. Көркем сөз: Тақпақ жаттау.
Көк аспанға қарасаң
Қызықтар көп орасан
Күнді өзің білесің
Күнде көріп жүресің.
1.Бақылау. Күннің көзін бақылау. Оның шапағына қолдарын созып
жылуын байқау, жылы сөздер айту, жүректеріне қолдарын апарып,
жылуын өз бойларына сіңірту. Қандай сезімде болғандарын әңгімелету.
2 . Қимылды ойындар: «Күн мен түн», «Белгіленген орынға
қарай жүгір»
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.
3.Жеке жұмыс. 5-6 баламен өз шығармашылықтарын
білдіруге сурет салуға ұсыныс жасау.
4. Еңбек. Ойын алаңындағы ағаш сынықтарын, қағаз қалдығын,
әйнек т.б. заттарды жинау.
5. Көркем сөз.
1. Күннің көзін сүйеміз. Әдеппен бас иеміз.
2.Ақ сандығым ашылды,Ішінен жібек шашылды.
Картотека № 19
Картотека № 20
1. Бақылау. Темір жол бекетін бақылау. Поездың жолдарын, темір
жол деп атайды, өзінің тоқтайтын бекеттері бар және сағаттарға
байланысты жүретінін балаларға түсіндіру.
Поездың өзінің бағдаршамы бар қызыл жанса, яғни поездар
Достарыңызбен бөлісу: |