1. Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу



бет1/9
Дата04.11.2023
өлшемі293,03 Kb.
#189614
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
жаз картотекасы


1.Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.
2.Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.
3.Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау.
Ойға батып мысық
Мысық сүтке тойды
Отыр көзін қысып
Көзін қысып қойды
Әндетіп бір баяу
Әндетіп бір баяу
Дейді мияу,мияу,мияу.
Дейді мияу,мияу,мияу.
4.Қимылды ойындар: «Тышқан мен мысық»
«Кім тез жетеді?»
Мақсаты: Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
5.Көркем сөз: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ,
Дереу бұға қалады.
1.Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.
Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке,
үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
2.Еңбек. Телімдегі қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.
3.Жеке жұмыс: 1-2 балаға балабақша туралы өлеңдерін
қайталату, әңгімелету.
4.Қимылды ойындар: «Кім шапшаң?» «Ұтып ал»
Мақсаты: Икемділікке баулу.
Көркем сөз. «Тазалық-денсаулық кепілі».(мақал)
Картотека № 1
Картотека № 2
1.Бақылау: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға
үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз
ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану.
2. Қимылды ойындар: «Кім өз жалаушасына тез жетеді?»
«Қуыспақ»
Мақсаты: Икемділікке баулу.
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттау
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
4. Еңбек: Телімдегі гүлдерге су құю.
5. Көркем сөз: Жаңбыр, жаңбыр жау – жау,
Көк белеңді сау – сау.
1.Бақылау: Жаңбырдың жауғанын бақылату


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет