Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру. Жерге сіңуін көсету.Ақ жауын ба, нөсер ме? Айыра білуге баулу. 2.Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» , «Жасырынбақ» Мақсаты: Икемділікке баулу. 3. Жеке жұмыс: Жұмбақ шешу Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. 4. Еңбек .Телімдегі қағаз,қоқыстарды жинау 5. Көркем сөз: Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр. Арық суы мол болсын. Өсімдіктер көп болсын. Жауған жерің шөп болсын Картотека № 3 Картотека № 4 1. Бақылау: Ағаштың жапырақтарын салыстыра бақылау. Мақсаты:Ағаштардың түрлеріне қарай жапырақтарының да әртүрлі болатындығын көрсету. Аққайың ағашының жапырағымен таныстыру. Оны емен ағашының жапырағымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын айтуға үйрету. Ағаштың пайдасы туралы өз ойларын жеткізе білуге баулу. 2. Қимылды ойын: «Шеңберге дәл түсір»«Өз ағашыңды тап» Мақсаты: Дене қимылдарын дамыту. 3. Жеке жұмыс.3 – 4 баламен маршпен дұрыс жүруді үйрету 4. Еңбек. Телімдегі бұтақтарды жинау. 5. Көркем сөз. Жапырақтар, жапырақтар. Күз болғанда сарғаяды. Ал қазір тұр алдымызда,Жап-жасыл боп бояуы 1.Бақылау: Құстарға бақылау жасау. Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау. 2.Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу. Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қою. 3.Жеке жұмыс: 2 – 3 балаға асфальт үстіне сурет салдыру. 4. Қимылды ойындар: «Көкек» «Өз орыңды тап»