1. Балалардың жасына байланысты жасалатын ән репертуарының ерекшеліктері қандай?


Кіші және ересек топтардағы балаларды ән айтуға үйрете отырып қандай әдіс тәсілдерді қолдануға болар еді?



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі26,42 Kb.
#98966
1   2   3   4
Байланысты:
Башай Айжан

2. Кіші және ересек топтардағы балаларды ән айтуға үйрете отырып қандай әдіс тәсілдерді қолдануға болар еді?


Тәсіл дегеніміз әдістің бір бөлігі және оң көмекші рөлін атқарады. Тәсілдер көп, әрбір педагог олардың тиімді дегендерін тандап алады.Тәсілдер педагогтың неге үйретініне-ән айтуға, тыңдауғы, ойнауға, биге, кімдерді-үйрететініне қарай бір-бірінен дараланады. Мәселен, ересек топтар тыңдау үшін Д.Қабалевскийдің «Клоундар» деген шығармасын орындай отырып, әуелі педагог ылғи қимыл үстінде болатын көңілді клоундар туралы әңгімелей алады. Бірақ тап осы балаларға орыстың «Кешігіп қалма» деп аталатын халық әуенін орындағанда, педагог енді қозғалысты қай кезде қалай өзгерту кректігін біліп отыруды ұсынады. Оқыту тәсілдері балалардың жасына қарай өзгертіліп отырады. Мысалыға ән үйренуді алайық. Әуелі бүлдіршіндердің назарларын түсінікті нақты бейнеге аудару керек. М. Раухервергердің «Шымшық» әнін орындар алдында педагог ойынщшық шымшықты көрсетеді де былай дейді: «Шымшық ұшып келіп, терезе алдына қонды да, шиқылдай бастады. Балалар оған тұра тұр, ұшып кетіп қалма!-деп еді. Балалар сендер шымшықтың қайтып келгенін тілейсіңдер ме? Мен оны шақырып өлең айтайын». Педагог ойыншықты пианино үстіне қойып, өлең айтады. Сөйтіп осындайәдістемелік тәсіл ойын сипатын ашып, шымшықтың образын тұсінікті нақты етеді әннің әсерлігін арттырады.
Ересек топтарға бұл тәсілді қолданудың қажеттігі жоқ.Орындалатын әннің сипатына байланысты көңіл күй туғызу үшін кірісше сөздің өзі-ақ жеткілікті. Ал егер педагог көркемдік әсерді күшейте түскісі келсе онда өлеңнен үзінді оқығаны, иллюстрация көрсеткені жөн.
Сөйтіп, оқыту әдістері музыкалық қабілеттерді дамытады, музыкалық қызметтің кез келген түріндегі дербес шығармашылық деген талапты оятады.
Бірақ балалардың музыкалық қабілеттерінің әркелкі таңылатының айта кету керек.Оларды талдау педагогтың түрліше қиындығы бар тапсырмалар ойлап табуына мүмкіндік береді.
Әдістерді іске асыру көптеген педагогикалық жағдайларға байланысты.Алғаш қарағанда кейбіреулері бір-біріне қайшы келетіндей болып көрінеді.Мәселен музыкалық даму үшін жиі-жиі көрсетуге негізделетін қандай да бір тапсырманы әлденеше рет.





Музыкалық қабілеттерді дамыту міндеттері

Оқыту әдістері

1
2

3
4
5


6

Музыкаға эмоциялық үн
қосуды дамыту

Музыкалық сенсорлық қабілеттерді дамыту


Лад-әуен есту


қабілетін дамыту
Ырғақ сезімін
дамыту

Музыканы есте


ұстау
қабілетін дамыту

Музыкалық шығармашылықтың дамуы



Әр түрлі жанр мен тақырыптардағы шығармаларды мәнерлеп орындау: муызкалық шығармаларды әдебит және бейнелеу өнері шығармаларымен салыстырып қарау: музыкалық шығармаларды образды сипаттау.
Музыканың сенсорлық қасиеттерін түсіндіру және
илюстрация арқылы көрсету, сызу арқылы бейнелеу: осы қасиеттерді ажырата білуге жаттығу: мәліметтрді практикалық тапсырмалары бар музыкалық – дидактикалық ойындарды дербес пайдалану.
Биіктігі әр түрлі музыкалық екі дыбысты әуеннің құбылуын ажырата білуге жаттығу: әуен сызығының жазба түрдегібейнеленуімен танысу: ән айту жаттығуларын жүйелі орындау: белгілі бір тон алғаннан соң әнді сүйемелдеусіз айту.
Қимыл процесінде метр-ырғақ тапсырмаларын орындау жаттығу әр түрлі ырғақ суреттерін анықтаудағы жаттығулар: ырғақтардың жазба бейнелерімен танысу.
Әнді бірде дауыстап бірде іштей айтуға жаттығу фрагменттер бойынша шығармалардың тақырыптарын анықтауға жаттығу балалар музыкалық аспаптарында есте ұстаған қарапайым әуендерді дербес орындауға жаттығу. Ән айтуға балалар аспаптарында ойнауға, дербес қимылдар жасауға дағыдылану үшін жаттығу ойын хоровод және би варианттарын ойлап табуға жаттығу сенсорлық қабілтерртерді дамыту жаттығуларында балаларды ізденуге үйрету ән муызкалық ойын би шығармашылығын жетілдірудің әдісі ретіндегі шығармашылық тапсырмалар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет