1.Балалардың жасына байланысты жасалатын ән репертуарының ерекшеліктері қандай?
Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы.Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабылеттерінің дамытуға бағытталған.Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай? Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі – музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка бөбекті толғандырады,қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір-бірімен салыстырған ой туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған жайындағы пьеса мұңайтады, жабырқатады. Музыкалық қабілеттің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап,ести білу мәдениетін,қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мәселен, балалар музыкалық дыбыстардың ең карапайым қасиеттерін (рояль мен скрипка тағы басқа аспаптардың жоғарғы және төмен тембрлік дыбысын) бір-бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым құрлымын (әннің бастамасын, қайырмасын, пьесадағы үш бөлімді т.б.) бір-бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсыкөркем образдардың айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ және созылыңқы сипаты мен қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларынң қоры жинақталады, музыкалық талғамдардының алғашқы негіздері қаланады. Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға шығармашылық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем бейнені әнді, ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала сергек басып келе жатқан балаларға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға, т.б тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен түрлерде қолданылады. Бала қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта береді. Музыкаға жалпы бейімделушіліктіңдамуына қарай балалардың музыкаға деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тербеніс-толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады. Музыка – баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Балалардың эмоциялық-бейнелік мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Топ болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, мұндай балалардың бәрі ортақ әсерге бөленеді. Ән айту қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әнді дәлайтпайтын адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бәрінің сәттсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей шаттанып, қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа балалардың сәтті шыққан өнерін ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына белгілі кедергі болып табылады. Ондай балаға жолдастық көмек көрсетуге, сөйтіп, кіші пейілділікке тәрбиелеуге және оның басқадай қабілеттерін дамытуға болады. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне себебін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс-қимыл түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма-кезек ауыстырып отыру балалардың ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын, ұйымшыл болуын, жігерлі күш-қимылды: әнді уақытында бастап,дер кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлде кімдерден озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бәрі тежеу үрдісін жетілдіреді, ерік-жігерді тәрбиелейді. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениеттің алғашқы түп негіздерін қалайды. Музыка – ақыл-ой қабілеттерін дамыту құралы. Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір-біріне өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелікмәнімен танысады, көркем бейнелердіңсипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды,шығарманыңқұрылымын түсіне білуді үйренеді. Шығарма орындалып болған соң тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бергенде бала алғашқы тұжырымдары мен салыстыруларын айтады: пьесаның жалпы сипатын анықтайды, әннің әдеби тексінің музыкалық құралдары арқылы жарқын бейнеленгенін ескертеді. Мұндай эстетикалық баға беру алғаш ұмтылуда ақыл-ойдың алғыр болуы қажет етіледі және оған педагог бағыт беріп отырады.