1. Балалардың жасына байланысты жасалатын ән репертуарының ерекшеліктері қандай?



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі26,42 Kb.
#98966
1   2   3   4
Байланысты:
Башай Айжан

Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымалдық маңызы бар. Онда мектеп оқушыларын жаңа көріністермен байытатын өмір құбылыстары бейнеленген.
Баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырып, ой-қиялын оятатын кішкентайда болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау керек.
Ересек адам балаға шығармашылық тапсырма берген кездеақыл-ой белсенділігін қажет ететін ізденіс туады. Мәселен, ән айтқанда бала әуеннің өзі тапқан түрін жанынан шығарып айтады, әдеби текстіңбейнелі интонацияға сәйкестігін табуға тырысады.
Музыкалық-ырғақ сәтінде балалар рахаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомима, әсіресе музыкалық –ойын түріндегі драмма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы қайсыбір кейіпкерді сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды, рольдерін бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Әрбір кезеңде ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.
Музыканың – бала денсаулығына әсері.Есту мүшелері қабылдайтын музыка адамның бүкіл аңзасының жалпы жағдайына әсер етеді, қан айналымында, тыныс алуда өзгерістер туғызады. В.М.Бехтерев осы ерекшеліктерді атап көрсете келіп, егер музыканың ағзаға әсер ету механизмін анықтаса, онда әуенге деген сезімді туғыза немесе оны бәсеңдетуге болатынын дәлелдеп береді. Мажорлық және минорлық сарындардың ағза жағдайына қаншалықты әсер ететінін зерттей келе П.Н.Анохин музыкалық әуен, ырғақ және басқа компоненттерін тиімді пайдаланса адамға жұмыста да, демалыс кезінде де пайдалы деген тұжырым жасады. Музыкалық әсердің физиологиялық ерекшеліктері жөнінде ғылыми деректер музыканың бала тәрбиесіндегі ролін материалистік тұрғыдан негіздеп беруде.
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс айта білуге үйретеді (логопед – дәрігерлер тұттықпаны емдегенде ән айту тәсілін қолданады), вокальдық-дыбыс координациясын қалыптастыруға көмектеседі. Ән салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп, тереңдете түседі.
Музыкамен қимылдың өзара байланысына негізделген ритмикамен шұғылдану баланың тұлғасын, жеңіл жүгіретін қасиетін қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен екпіні тиісінше қимыл шапшаңдығын, оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да өзгертіп отыруды талап етеді.
Осыбаяндалған барлық қағидалар балабақшадағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрылады:
Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалы-ырғақты қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсуі керек.
Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкаылық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.
Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда тәндік бейне беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалану; ойдан шығарған шағын әндер мен қайрымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.
Баланың қабілеті белсенді музыкалық оқу қызметіндедамиды. Баланың жас ерекшелгін ескере отырып, музыкалық қызметтің, баланың ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып, бағытқа салу – педагогтың міндеті. Өйтпеген күнде дамуда кенжелеп қалушылық болатыны байқалады. Мәселен балаларды музыкалық дыбыстарды биіктігіне қарай айыра білуді үйретпесе, ондай балалар 7 жасқа толғанша өзінен кіші бала әлдеқайдаоңай орындайтын тапсырманы орындай алады.
Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері мыналар:
Есту сезімі, музыкалық есту қабілетті;
Әр түрлі сипаттағы музыкадан эмоциялық әсер алғыштығының сапасы мен деңгейі;
Ән айту, музыкалық-ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары;
Жас жағынан дамудың жалпы тенденцияларына тоқталайық.
Екі жасқа толғанда.Музыканы қабылдағанда балалар жарқын контрасты эмоциялар көрсетеді: көңілді жадыраушылық немесе сабырлы күй танытады. Есту түйсіктері едәуір сараланған болады: бала жоғарғы немесе төмен дыбыстарды, қатты және бәсең үнді, тіпті тембрлік реңкті айыра біледі (металлофонда немесе барабанда ойнайды). Әнді саналы түрде қайталап айтатын алғашқы интонациялар пайда болады; бөбек әндеткен ересек адамға қосып, әннің музыкалық сөздерінің аяғын оған ілесе қайталайды. Ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді: музыка әуеніне ілесіп алақанын соғады, аяғымен еденді тықылдатады, дөңгеленіп билеген болады.
Үш және төрт жасқатолғанда. Балалардың сезімталдығы артады, заттар мен құбылыстардың, оның ішінде музыканың қасиеттерін дәлірек айыра алатын болады. Әр баланың есту сезіміндеөзіне тән ерекшеліктері байқалады. Мәселен, кейбір бөбектер қарапайым әуенді дәл қайталап айта алады.Жетілудің бұл кезеңі баланың дербес әрекетке ұмтылатындығымен сипатталады. Енді ол әр жағдайды айта берудің орнынасолардың басын құрап, байланыстыра сөйлейтін, бейнелі ойлайтын болады, қол-аяқ бұлшықеттері нығаяды. Баланың музыкамен шұғылданғысы келеді, белсенді іс-әрекеті басталады. Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердің азғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алатын дәрежеге жетеді. Сондай-ақ олар билеуге, ойнауға мүмкіндік беретін түрлі қимылдар жасауға қалыптаса бастайды.
Бес жасқа толғанда. Бұл – балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы. «Неге?», «Неліктен?» деген сұрақтарды көп қоятын шағы. Бөбек құбылыстар мен оқиғалар арасындағы байланысты ажырата бастайды, қарапайым тұжырым жасай алады.Ол өте байқағыш келеді: Музыканың көңілді, қуанышты, сабырлы екенін; дыбыстардың жоғары, төмен, қатты ақырындығын; пьесадағы екі бөлімді (біреуі тез, екіншісі баяу), әуеннің қандай аспапта ойналып тұрғанын (рояль,скрипка,баян) ажырата біледі. Бала әнді қалай айту, қол ұстасып, ән салып жүріп билеуде қалай қимылдау керектігін, шапшаң бидің қалай орындау керектігін түсінеді.Бұл жаста дауыс ашық, құбылмалы сипат алады. Ән интонациялары тұрақтана бастайды, бірақ әлі де болса ересек адамның тұрақты демеп отыруын керек етеді. Вокальдық – есту қабілеттері үйлесе бастайды.
Қозғалыстың негізгі түрлері – жүру, жүгіру, секіруді балалардың меңгеруі оларды ойындар мен билерде кеңірек қолдауына мүмкіндік береді. Кейбіреуі рольді орындағанда (мәселен сюжеттік ойында) басқаларға еліктемеуге тырысады. Енді біреулері өзінің бейімі мен қабілетіне қарай істің тек бір түріне ғана ықылас қояды.
Алты және жеті жасқа толғанда.Бұл – балаларды мектепке дарлайтын кезең. Музыкатуралы алған білімдері мен әсерлері негізінде балалар енді тек сұраққа жауап беріп қоймай, сонымен қатар музыкалық шығармаға өзінше сипаттама бере алады, музыканың бейнелеу құралын таладай біледі, музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезіне алады.
Бала музыкалық бейнені тұтас күйінде қабылдауға қабілетті, ол оның төңіректегілерге деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыра түсу үшін өте маңызды. Бірақ талдау қызметі тұтас қабылдауға зиян келтіреді деген мағына туа ма? Осы орайда балалардың сенсорлық қабілеттері мен музыканы қабылдау қасиеттерін байқау үшін жүргізілген зерттеулер онда қызықты заңдылықтың бар екенін көрсетеді. Егер зейін қоя тыңдау, бөліп қарау, «музыкалық тілдің» ең жарқын құралдарын айыра білу міндеттін алға қойсақ, онан музыканы қабылдаудағы қабілеттілік кеммімейді екен. Бала бұл ерекшеліктерді бөліп ала біледі және оларды есінде ұстай отырып, музыканы тыңдағанда, әндер мен би қимылдарын орындағанда белгілі бір образға сай қимыл жасай алады. Мұның өзі оның музыкалық-есту қабілетінің жетілуіне, ноталар бойынша ән салуға қажетті дағдыларды меңгеруіне көмектеседі.
6-7 жастағы балалардың дауысы бұрынғыдан да бекіп, диапозоны кеңейді, әншілігі айқындалады, дыбысы айшықтанады.
Енді әндер мен билерді, ойындарды өз бетінше, шығармашылық тұрғыда орындайды. Музыкаға деген жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет