Қолданылған әдебиеттер: І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев “Қазіргі қазақ тілі”; К.Аханов “Тіл білімінің негіздері”; “Қазіргі қазақ тілі” оқу құралы, akikat.kazgazeta.kz сайты
Дауысты дыбыстардың қасиеттері Кеңесбаев пен Мұсабаев оқулығында:
Дауысты:
1)Айтқан кезде дыбыстау мүшелері жан-жақты қимылдайды.
2)Фонациялық ауа кедергісіз еркін шығады.
3)Ауа баяу шығады.
Дауыссыз:
1)Дыбыстау мүшелері бір жақты (бөлшектене) қимылдайды.
2)Дыбыстау мүшелерінің бірінен кедергіге ұшырайды.
3)Ауа қарқынды шығады.
Дауысты дыбысты айту барысында дауыс шымыдығы мен ауыз қуысы түрліше құбылып, бірде кеңірек, бірде тарырақ ашылып олардың акустикалық қасиеті өзгеріп отырады. Арнаулы бір фонема дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай әр жағдайда әр түрлі дыбысталады.