Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар»



Дата11.01.2017
өлшемі57,57 Kb.
#7297
түріСабақ
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп « МДШО КММ»

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесі.

Сабақтыңмақсаты: Біліміділік:«Ақынқонақтар» шығармасын талдай отырып, шығарма кейіпкерлерінің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға отырып, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау.
Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту, есте

сақтау, танымдық дағдысын қалыптастыру, ой белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу.


Тәрбиелік:Ұлы адамдардың еңбек жолын құрметтеп үлгі алуға, елінің

 саналы азаматы болуға, шәкірттерді рухани құндылықтар  арқылы патриотизмге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Құрылымдық талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік

жұмыс, проблемалық сұрақтар қою.


Сабақтың көрнекілігі:  , семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
 II. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Молықбай күйшінің күй тартуын әсерлі суреттейтін  жерін баянда
2 . Ботасынан айырылған Бозінгеннің халін суреттейтін шумақтарды

тауып оқы.


4.  “Бозінген” күйінің тарихына ұқсас аңыз білесіңдер ме?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі:  Тарих қана, халық қана туатын

                              Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

                              Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

                              Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

                               Айдың орнын баса алады күн ғана,

                               Таудың орнын баса алады шың ғана,

                               Ұлы ақынды тану үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». Абай Құнанбаев та, Мұхтар Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.


Кіріспе:  «Ортадағы қаламсап»  

І топ                                                                ІІ топ

    Абай туралы мен не білемін?                     Мұхтар туралы мен не білемін?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақын қонақтар»  әңгімесі, әңгіменің құрылымын талдау.
(Күнін, тақырыбын дәптерге жазғызу) (Абай туралы видео көрсеру)

ІVӘңгіменің қысқаша сюжетімен таныстыру
Ал, балалар, кез - келген шығарманың оқиғасы қалай болса солай берілмейді, ол белгілі бір тәртіппен өрістеп отырады, оқиғаның болған жері, орны, мезгілі көрсетіледі, ондағы адамдардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы, іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, күйінуі, сүйінуі, еске түсіруі болады, оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені, аяқталған соң немен тынғаны да айтылады. Ал, жазушы осы бөлшектерді келістіріп құрастырады. Оны шығарманың құрылымы немесе композиция дейміз. Қазір осы «Ақын қонақтар» әңгімесін құрылымына қарай талдаймыз.
Әңгіменің композициялық құрылымы:
Оқиғаның басталуы: Абайдың науқас күйі
Оқиғаның дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері
Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары
Шарықтау шегі: Барластың батасы
Шешімі: Қонақтарды аттандыру
(слайдтан кезекпен әр бөлімді талдаған сайын көрсетіледі.)
(Портрет, мінездеме. Электронды оқулықтан портреттің ережесін тыңдатып, дәптерлеріне жаздырып, кітаптан Абай мен Барластың портретін  тауып оқыту)

VI  Көрініс: (Барластың Абайға берген батасы)

Бата туралы не білесіңдер? (Оқушылар жатқа баталар айтады)


VII Жаңа сабақты бекіту:
Семантикалық картамен жұмыс:

І топ


Кейіпкерлер сөзі

 


Зере

Ұлжан

Абай

Барлас

Байкөкше

Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен

 

 

 

 

 

Ал, балам, әңгіме- жырдың дүкені енді келді

 

 

 

 

 

Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген... 

 

 

 

 

 

Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы... 

 

 

 

 

 

Шырағым, ер жетерсің...

 

 

 

 

 

Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым... 

 


 

 

 

 

 

 

ІІ топ



р/с

Сұрақтары

Зере

Ұлжан

Абай

Барлас

Байкөкше

1

Абайдыңәңгімешіләжесікім?

 

 

 

 

 

2

Абайғадомбыранысыйғатартқанкім?

 

 

 

 

 

3

Абай ауылынакелгенжасқонақкімеді?

 

 

 

 

 

4

Абай қонақтарғасый беру туралыкімгеұсынысжасады?

 

 

 

 

 

5

13 жасарақын бала кімеді?

 

 

 

 

 

  VIII. Жаңа сабақты қорыту:
(Проблемалық сұрақтар арқылы)
Әңгімедегі шаттық сыйлар құдірет неден аңғарылады? Абайдың сауығып кетуіне не себеп болды? (Балалар өздері қорытады.)

Мұғалім сөзі


Әжесі мен анасының аузынан әңгіме, жырларды естіп өскен Абай, бүгінде қазақ үшін шоқтығы биік, ұлы тұлға. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Қаламызда Абай атындағы , даңғыл, мектеп, «Абай оқулары» деген конкурс та бар емес пе?
Абайдай дананың ұрпағы - сендерсіңдер. Елбасымыз биылғы жылы халыққа жолдауында да оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау туралы айтып өтті. Еліміз үшін сендер де болашақта еңбек етіп, Абай, Мұхтардай халқын сүйетін азамат болатындарыңа мен сенемін!
IX. Оқушыларды бағалау:

X. Үйге тапсырма:
«Ақын қонақтар» әңгімесіне сценарий жазу. «Абайдың балалық шағы» портретін салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет