1. Баламалы энергия көздеріне және күн энергиясына жалпы сипаттама



бет2/7
Дата27.12.2021
өлшемі35,1 Kb.
#128855
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
физикейшн-1 2

Жұмыстың мақсаты: туындаған проблеманы шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясының маңызын түсіну.

Жұмыстың міндеті: Күн сәулесінің болашақтың энергиясы ретңндегі рөлін анықтау. Тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктеу және оларды қолдану әдістерін қарастыру . Қосымша мағлұмат қарастыру .

Зерттеу объектісі: Күнсәулесінңң көмегімен жұмыс істейтін құрылғылардың қолданылуын зерттеу.


Баламалы энергия көздері
Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.

Энергия көзі сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. Сарқылатын минералды ресурстардың көмегімен энергия өндіру классикалық әдіске жатқызылады. Оған көмір, газ, мұнай және уран кіреді.


Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас көздері де енеді. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда қоспайды. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда, баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу тән. Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр.
Энергияны баламалы жолмен өндіру салыстырмалы түрде жаңа сектор болып есептеледі. Бұған күн сәулесі, жел, өзендегі су, жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру жатады. Бұлар сарқылмайтын әрі қоғамдық ортаға зиянсыз деп танылған.Сондықтан мұнай мен табиғи газ таусылғанда энергия тапшылығын көрмеу үшін, қазірден бастап оны өндірудің баламалы әдістерін дамыту керектігін әлемдегі барлық елде түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет