157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері 1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек
шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.