160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері 1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге дезаңдарына сәйкес өтейді.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.
3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.