1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу



бет121/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   255
Байланысты:
Ескерту

159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді.
3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;
5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшін төленбейді.
4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау және төлеу тәртібін – еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.
Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ


ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет