1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



бет12/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   255
Байланысты:
Ескерту
2 дәріс, СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 2-т. қараңыз).


4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
7) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет