1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен міндеттері



бет247/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   255
Байланысты:
Ескерту

332-бап. Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік жасауға;
3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға;
4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау жөнінде ақпарат беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет