340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.
3. Жұмыс берушілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға осы талапты қарау нәтижелері және қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор осы Кодекстің 341-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен), мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескерту. 340-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).