127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің тарифтік ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негізге ала отырып кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің тарифтік ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негізге ала отырып қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.