132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде еңбекке ақы төлеу Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.
133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу 1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді.
2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.