139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім;
2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.