1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру



бет109/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   255
Байланысты:
Ескерту

142-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады.
2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды.
3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар.
2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге міндетті.
5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет