138-5-бап. Кәсіби стандарттар 1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
2. Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісу бойынша айқындайды.
3. Кәсіби стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 138-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау 1. Маман құзыретінің сәйкестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын біліктілік сәйкестігін растау негізінде айқындалады.
2. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін берутәртібінбекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және қызметкерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ