138-1-бап. Осы тараудапайдаланылатын ұғымдар Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
3) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.