1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Жалақы төленетін орын



бет100/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   255
Байланысты:
Ескерту

135-бап. Жалақы төленетін орын
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.
136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу
1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін орташа айлық жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет